Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Банктің Директорлар кеңесінің бұрынғы Төрағасы Мұқтар Әбілязовты тұтқынға алу туралы БТА Банкінің мәлімдемесі

02.08.2013 15:38:49

Алматы, 2013 жылғы 2 тамыз - Бүгін БТА Банкі Директорлар кеңесінің бұрынғы Төрағасы Мұқтар Әбілязовтың Банкке қатысты жасаған қылмыстары үшін қамауға алынғандығын растады.

БТА Банкнің Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі Павел Просянкин бұл жағдайды былай деп мәлімдеді:

«БТА Банкі Мұқтар Әбілязовтың қамауға алынғандығына қуанышты. Бұл - Банктің онымен Банкті басқару кезінде ұрлаған миллиард долларды британдық сот жүйесі арқылы қайтару бойынша әрекеттерінің нәтижесі. Біз, Англияның Жоғарғы Сотының бұйрығына сәйкес басқарылатын активтердің одан әрі шығарылуын тоқтату мақсатында оның қамауға алынуына қолжеткіздік. Ол көптеген сот бұйрықтарын елемей, Жоғарғы Соттың оны Англияда қамауға алу туралы тағы бір сот шешіміне біз қолжеткізгеннен кейін Ұлыбритания аумағынан кетіп қалды. Қазір ол қамауға алынды, енді, біз, сот шешіміне сәйкес тәркілеуге болатын активтердің көп мөлшерін қайтарамыз деп сенеміз. Одан әрі Банк болжамды алаяқтық әрекеттерімен шығын келтірген тұлғаларға және Банктен заңсыз шығарылған қаражаттарды немесе активтерді жасыруға ықпал еткен тұлғаларға және одан әрі олардың шешімдерінің қанағаттандырылуына қатысты әрекет етуге  ниетті».

Мұқтар Әбілязов 31 шілдеде Францияның Экс-ан-Прованс қаласында қамауға алынды және қазір тұтқында отыр.

БТА Банкі аудиторлар PwC Банктің баланстық шоттарынан 10 миллиард АҚШ доллар мөлшерінде қаражаттың шығарылғандығын анықтағаннан кейін 2009 жылы Мұқтар Әбілязоқа қатысты әлемдік сот өндірісін бастады, осының арқасында Мұқтар Әбілязовтың Банкте басшылық жасаған кезінде онымен ұйымдастырылған ірі ауқымды алаяқтық сұлбасы анықталды.

БТА Банкі Мұқтар Әбілязовпен заңсыз иеленген 6 миллиард АҚШ доллардан астам активтерді қайтару мақсатында Жоғарғы Сотқа берген ірі заңды процестері 11 шағымды қамтиды. Банк жалпы сомасы 3 миллиард АҚШ доллардан астам көптеген сот шешімдеріне қолжеткізді және қазіргі уақытта басқарушылардың сақталуындағы активтерге қатысты осы шешімдердің орындалуы бойынша әрекет етуде.

2012 жылғы ақпанда Банк Англияның Жоғарғы сотының Мұқтар Әбілязовты сотқа құрметсіздігі үшін қамауға алу туралы шешіміне қолжеткізді, аталған шешім Апелляциялық сотпен өз күшінде қалды. Сот шешіміне бағынудың орнына ол Францияға қашып кетті және осы күнге дейін сот органдарынан жасырынып жүрді.

Банк сот шешімі бойынша оның пайдасына өндіріп алынуы тиіс активтердің жасырылуын және олардың ысырап болуын тоқтату мақсатында Мұқтар Әбілязовтың қамауға алынуына қолжеткізді. Себебі, ол сот бұйрықтарын бұзып, Ұлыбритания аумағынан қашып кетті, БТА Банкі оның орналасқан жерін анықтау үшін бар күшін салып, жақында оның Францияның оңтүстігінде орналасқандығын мәлімдеді.

БТА Банкі француз билігіне Мұқтар Әбілязовтың орналасқан жері туралы ақпарат ұсынды, сәйкесінше олар Банктің сот процесіне байланысты Украина жіберген «Қызыл хабарлама» - Интерполдың оны қамауға алу туралы халықаралық сұрауы негізінде жедел түрде оны тұтқынға алды.

БАҚ арналған байланыстар:

Тел: +7(727) 266 43 22

pr@bta.kz
www.bta.kz