Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Мұқтар Әбілязовтың заңға қайшы әрекеттерінің салдарынан зардап шеккен француз кредиторлары

12.08.2013 15:35:54

Алматы, 2013 жылғы 12 тамыз - Бүгін, БТА Банкі оның бұрынғы төрағасы Мұқтар Әбілязовтың алаяқтық әрекеттерінің салдарынан зардап шеккен халықаралық инвесторлар тобына кіретін француз кредиторларының банктің қайта құрылымдауына және активтерді қайтару процесіне қатысқандығын жариялады.

БТА Банкінің Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі Павел Просянкин былай деп мәлімдеді:

«Мұқтар Әбілязовтың әлемдегі ірі қаржы алаяқтық әрекеттерінің бірін жүзеге асыруға қатысты кінәсі Англияның Жоғарғы Сотымен және қазақстандық соттармен дәлелденді, осы алаяқтық әрекеттердің салдарынан банк банкротқа ұшырады, ал халықаралық инвесторлар, соның ішінде Франция кредиторлары зор шығынға ұшырады. Кредиторлардың қатарына: BNP Paribas, Societe Generale, BRED Banque Populaire и Credit Agricole сияқты әйгілі қаржы институттары кірді.

Бүгінгі күні Мұқтар Әбілязов қамауға алынып, өзін саяси құғындардың құрбаны етіп көрсеткен оның үмітсіз әрекеттері күні бұрын белгілі болған, дегенмен, біз, Ұлыбритания мен Қазақстанда болған сот процестері сияқты, ол Франциядағы сот процесінен жеңіледі деп сенеміз.

Осы істе анықталған фактілер даусыз, Англияның Жоғарғы сотының бірнеше соттары Мұқтар Әбілязовтың оған банктің қойған талаптары саяси түрткі екендігі туралы дәлелдерінен бас тартқан еді. Оның ақшаларды заңсыз иемденуіне байланысты сот БТА Банкіне Банкке тиесілі активтерге тыйым салуға рұқсат берді. Оның қамауға алынуы Мұқтар Әбілязовтың өзінің қызметін жүзеге асырған елдердің, соның ішінде Ұлыбританияның заңдарына бағынбауына байланысты. Сондықтан 2012 жылғы ақпанда Англияның Жоғарғы Соты оны 22 айға қамауға алу туралы шешім қабылдаған болатын. Оған сот шешімдерін орындауға не орындамауға таңдау берілген еді, бірақ ол Англияның Жоғарғы Сотының тыйымдарын бұзып Лондоннан қашып кетті және бұл әрекетімен ол заңға бағынбайтындығын көрсетті. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды.

«Біз, Мұқтар Әбілязовтың кем дегенде $6 миллиард долларды заңсыз иемденгендігін назарға алуын ескертеміз. Оның әрекеттері кейбір азаматтардың және бүкіл әлемдегі кәсіпорындардың қызметіне маңызды теріс әсер етті. Оның бекітілген заңдарды құрметтемеуі оны түрмеге қамауға алып келді. Одан әрі де БТА Банкі халықаралық құқық аясында ұрланған активтерді қайтару үшін әділдікке қолжеткізуге ниетті».

 

БАҚ арналған байланыстар:
тел. +7(727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz