Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы ХАБАРЛАМА

22.08.2013 17:53:28

 «БТА Банкі» Акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, 2013 жылғы 22 тамыздағы Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес «БТА Банкі» АҚ кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды.

Кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысын шақыру бастамашысы «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады.

«БТА Банкі» АҚ акционерлердің жалпы жиналысы 2013 жылғы «26» қыркүйекте сағат 10:00,  Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал - 2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, «Блок, А2», «Конференц зал, 2-ші қабат мекенжайы бойынша өткізіледі. Акционерлерді тіркеу сағат 09:00 басталады.

«БТА Банкі» АҚ акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқылы Акционерлердің тізімі 2013 жылғы «18» қыркүйектегі жағдай бойынша әзірленеді.

 «БТА Банкі» АҚ кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:

«БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау туралы».

«БТА Банкі» АҚ акционерлерін кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысының жұмысына қатысуға шақырамыз. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі және өткізу мәселелеріне қатысты ақпаратпен және материалдармен келесі телефондар арқылы танысуға болады: +7 (727) 2 66 72 54; +7 (727) 2 66 72 69, e-mail: o_pitulova@bta.kz

Кворум жиналмаған жағдайда, Акционерлердің жалпы жиналысы 2013 жылғы «27» қыркүйек күні сағат 10:00, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал - 2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, «Блок, А2», «Конференц зал, 2-қабат мекенжайы бойынша қайта өткізіледі. Акционерлерді тіркеу сағат 9:00 басталады.

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заң талаптарына сәйкес Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге акциялары номиналды иеліктегі және Орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде мәліметтері тіркелмеген меншік иесіне тиесілі акционерлер жіберілмейді.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу үшін жеке-тұлға - акционерлердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Акционерлердің өкілдері - жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген, нотариалды куәландырылған сенімхаты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. Заңды тұлғалардың акционерлер өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шарттарға сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін ұсынуға құқылы тұлға үшін қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге сенімхат талап етілмейді.

Заңды тұлғалар-акционерлер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» заңының 17-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес олардың акционерлерімен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» заңының аталмыш нормаларының талаптарын орындау туралы өтініш ұсынуы тиіс.

Байланыстар үшін:
«БТА Банкі» АҚ Корпоративтік хатшының көмекшісі
Питулова Ольга Владимировна
+7 (727) 266-72-69, E-mail: o_pitulova@bta.kz