Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі 2013 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 15 миллиард теңгеден астам таза кіріс алды

27.08.2013 12:50:35

Алматы, 2013 жылғы 27 тамыз - Бүгін, БТА Банкі (әрі қарай - «Банк») ХҚЕС бойынша аудит жүргізілмеген қысқартылған аралық шоғырландырылған есептіліктің деректері негізінде 2013 жылғы бірінші жартыжылдық бойынша Банк және БТА тобына кіретін компаниялар (әрі қарай «Топ») қызметінің нәтижелері туралы жариялады. Аталған есептілік кезеңіндегі Банк қызметінің басты нәтижелерінің бірі 15 579 млн. теңге мөлшеріндегі таза кіріс болып табылады.

ЕСЕПТІЛІК КЕЗЕҢІНДЕГІ НЕГІЗГІ ҚАРЖЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

2012 жылдың соңында Банк қайта құрылымдау процесін аяқтады, бұл  Банктің қызметіне оң нәтиже берді. Қайта құрылымдаудан кейінгі бірінші кезеңде Банк бұрынғы нарықтағы  өз орнын қалпына келтіру үшін бар күшін салды, өз қызметін оңтайландыру және несиелік портфель сапасын арттыру мақсатында жұмыстарды жалғастырды.

Топ активтері  ағымдағы жылдың алғашқы 6 ай ішінде 10,6 млрд. теңгеге артып, 2013 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 1 621 млрд. теңгені (10,7 млрд. АҚШ доллары) құрады.

Кредиттік портфель (нетто) 2013 жылдың басындағы деректермен салыстырғанда небәрі (1%) төмендетіліп,  636 млрд. теңгені (4,2 млрд. АҚШ доллары) құрады.

Топтың міндеттемелері 0,6% төмендетілді және 1 334 млрд. теңгені (8,8 млрд. АҚШ доллары) құрады. Міндеттемелер көбінесе кредиттік мекемелер алдындағы міндеттемелердің қысқаруына байланысты төмендетілді.

Кредиттік мекемелердің қаражаттары 15,6% төмендетіліп,  54,7 млрд. теңгені (0,4 млрд. АҚШ доллары) құрады. Төмендетілу белгіленген кестеге сәйкес сауданы қаржыландырудың (RCTFF) жаңғыртылған кепілдендірілген кредиттік желі бойынша  Банк міндеттемелерін өтеуге байланысты.

Топтың өзіндік капиталы 7% артып, 2013 жылғы 6 ай ішінде түскен таза кіріс есебінен 287,4 млрд. теңгені (1,9 млрд. АҚШ доллары) құрады.

2004 жылғы Базель келісімінің ұсыныстарына сәйкес есептелген бірінші деңгейлі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті 24,1% құрады.

Есептік кезеңде алынған Топтың таза кірісі 15,6 млрд. теңгені (103 млн. АҚШ доллары) құрады. Бұл 2012 жылғы бірінші жартыжылдықта қол жеткізген 9,8 млрд. теңге мөлшеріндегі шығыстармен салыстырғанда 17 млрд. теңгені (112 млн АҚШ доллары) құраған таза жағымды пайыздық маржаның есебінен мүмкін болды. 17 млрд. теңге мөлшеріндегі таза пайыздық кіріс 2012 жылғы қайта құрылымдау нәтижелері бойынша борыштық жүктеменің айтарлықтай төмендетілуіне байланысты және тиісінше пайыздық шығыстарды төмендетуге байланысты болды.  Сонымен қатар 2012 жылғы қайта құрылымдау нәтижелері бойынша купондық ставканың 4% бастап 6% дейін өсуіне байланысты өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда «Самұрық-Қазына» АҚ облигациялары бойынша кірістер  3,5 млрд. теңгеге артты.

Пайыздық емес кірістер комиссиялық және алымдар, сондай-ақ сақтандыру қызметінен түскен таза кіріс ретінде таза кірістің өсуі есебінен 4% артты. Комиссиялық және алымдар түріндегі таза кірістер бірінші кезекте 2012 жылғы қайта құрылымдау нәтижелері негізінде «Самұрық-Қазына» АҚ облигациялары бойынша комиссиялар мен кепілдіктер ставкасының төмендеуіне байланысты 2012 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8 млрд. теңгеге өсті.

Сонымен қатар, Банк операциялық шығыстарды қысқарту бойынша жұмыстарды жалғастырды. Осылайша, 2012 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда, қызметкерлер шығыстары 9% төмендетілді, ал басқа операциялық шығыстар - 4,3 млрд. теңгеге (36%) қысқартылды.

МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАР МЕН ШЕШІМДЕР

2013 жылғы бірінші жартыжылдықта Банк оның бұрынғы менеджментінің өкілдеріне қарсы Ұлыбританияның сот органдарына ұсынылған шағымдары бойынша маңызды прогреске қол жеткізді. 2013 жылғы наурыз айында Англияның Жоғарғы Соты (әрі қарай - Сот) Әбілязовтен және оның сыбайластарынан Банк пайдасына 2 млрд. АҚШ долларды өндіріп алу туралы бірқатар шешімдерді қабылдады. Соттың бұрынғы қабылдаған шешімдерін ескергенде, Сотпен Банктің қанағаттандырылған  талаптарының жалпы сомасы 3,9 млрд теңгені құрады. Қазіргі уақытта Банк сот шешімімен тағы да 1,5 млрд АҚШ долларын өндіріп алуды және одан әрі сот шешімдеріне қажетінше қол жеткізуді жоспарға қойған.

2013 жылғы шілде айында Банк ықпалымен Францияның құқыққорғау органдары Әбілязовты сотқа құрметсіздігі үшін жалпы мерзімі 22 айға абақтыға қамау туралы Соттың үкімі шыққаннан кейін 2012 жылғы ақпан айында Ұлыбритания аумағынан қашып, жасырынып жүрген Әбілязовтың орналасқан жерін анықтады және ол қамауға алынды. Банк осы қамау заңсыз шығарылған активтерді жедел қайтаруға мүмкіндік береді деп сенеді.

2013 жылғы шілде айында Банк Басқармасында өзгерістер орын алды. Банктің Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Банк Басқармасын 2012 жылғы сәуір айынан басқарған Ерік Балапановтың өкілеттігі өзінің қалауы бойынша тоқтатылды. 2013 жылғы 5 тамыздан бастап Банк Басқармасының Төрағасы қызметіне Қадыржан Дамитов тағайындалды.

2013 жылғы бірінші жартыжылдық ішінде Банк менеджменті 2012 жылы тиімді әрекет етуші қаржы институтын құру мақсатында  Банктің басқару жүйесін реформалап, оның қызметін үйлестірді.

Банк бөлшек бизнес саласындағы бастапқы нарықтағы орнын қалпына келтіру мақсатында 2013 жылғы бірінші жартыжылдықтағы өнімдер бойынша талаптарды едәуір жақсартты. Осылайша, халық арасында кең таралған кепілсіз кредиттер бойынша Банктің сыйақы ставкасы жылдық 6% төмендетілді, бұл ретте сақтандыру полисін ресімдеу және жасырын комиссияларды төлеу талап етілмейді. Сондай-ақ, Банктің ипотекалық кредиттеу талаптары нарықтағы үздік талаптардың бірі болып табылады: сыйақының жылдық тиімді ставкасы 12,8%, төменгі алғашқы жарна - 10% басталады.

Банк берешектерін қайта құрылымдау шараларының, сондай-ақ қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша шаралардың сәтті аяқталуы 2013 жылғы бірінші жартыжылдықта клиенттердің сенімін қалпына келтіруге және Банктің депозиттік базасын тұрақтандыруға мүмкіндік берді. 2013 жылдың басында кейбір салымдардың жылыстауынан кейін сәуірдің ортасынан бастап халықтың  мерзімдік депозиттер портфелі 4 млрд. теңгеге артты. Нәтижесінде, Банк ҚР жеке тұлғаларының депозиттер нарығында 5-орынды сақтап қалды және қазіргі таңда үлестің 7,6% ие.

Банктің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерді қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысуы ШОБ сегментінде елеулі жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. 2013 жылдың басүымен салыстырғанда Банктің ШОБ клиенттерінің саны 3% артты және бүгінгі күні, 77 мыңнан астам клиенттерді құрайды. Банктің ШОБ сегментіндегі Депозиттік портфель 2013 жылдың 1-жартыжылдығында 2,4% артты. 

Соңғы жылдары Банк шағын және орта кәсіпкерлерді қолдау бойынша мемлеттік бағдарламаларды іске асырудағы көшбасшы болып табылады.

БАҚ арналған байланыстар:

тел.+7(727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz