Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің топ-менеджмент өкілдері жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды

03.10.2013 09:15:25

Алматы, 2013 жылғы 3 қазан - «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) басшылық өкілдерінің делегациясы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына (әрі қарай - ШҚО) барды, бұл жерде Өскемен және Семей қалаларында Банктің екі филиалы жұмыс істейді. Олар ірі әмбебап бөлімшелерінің тармақты жүйесі арқылы банк өнімдері мен қызметтерінің кең спектрін ұсынады.  

Банктің Шағын және орта бизнес департаментінің (әрі қарай - ШОБД) Директоры О.С. Имашеваның және Банктің Бөлшек бизнес департаментінің (әрі қарай - ББД) Директоры А.А. Даулетбаеваның Шығыс Қазақстан облысына сапары 2013 жылғы 25-27 қыркүйек аралығында өтті және ол Семей және Өскемен қалаларындағы Банктің филиалдары қызметімен танысуға бағытталды. 

ШОБД Директоры Банктің клиенттері болып табылатын облыстың бірқатар кәсіпорындарына барды. Кездесулер барысында Банк клиенттерінің қаржыландыру талаптары мәселелері, сондай-ақ клиенттердің іске асыруға жоспарланған жобалары талқыланды. ББД Директоры филиалдардың жұмысымен танысты, бірқатар бөлімшелерге барды, филиалдардың бөлек құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен бірге Банктің өндірістік мәселелері мен бөлшек бизнесті әрі қарай дамыту жоспарларын талқылауға қатысты.

Сондай-ақ Банк басшылығының Өскеменге сапары аясында 2013 жылғы 26 қыркүйекте ШОБД Директоры О.С. Имашеваның және Банктің Шығыс Қазақстан филиалының Директоры Р.В. Кузьменконың «Даму» КДҚ» АҚ аймақтық филиалының басшылығымен кездесуі өтті. Кездесу барысында Банктің Шығыс Қазақстан филиалының қатысуымен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды.

2013 жылғы 26 қыркүйекте Өскемен қаласына жұмыс сапарымен Банктің Басқарма Төрағасы Қадыржан Қабдошұлы Дәмитов барды. Ол ШҚО мемлекеттік органдарының және бизнес құрылымдарының басшыларымен жұмыс бабындағы бірқатар кездесулерді өткізді. Сонымен, Қ.Қ. Дәмитов мырза облыс әкімі Б.М. Сапарбаевпен, сондай-ақ «ЕРТІС» ӘКК ҰҚ АҚ басшылығымен кездесті.  Тараптар өзара тиімді ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Одан кейін Банктің Басқарма Төрағасы ШОБД және ББД Директорларымен, сондай-ақ Банктің Шығыс Қазақстан филиалының Директорымен бірге Банктің клиенттері болып табылатын Өскемен қаласының бірқатар кәсіпорындарға барды.  Аталмыш ұйымдардың қызметімен танысқаннан кейін, Қ.Қ. Дәмитов мырза БТА-ның ШҚО дамуына және экономикалық әлеуеттің арттыруында өз үлесін қосатынын және әрі қарай жөнге салынған ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруды және кеңейтуге, жаңа клиенттерді тартуға және сапасының жоғары деңгейімен бірге талап етілетін банк қызметтерінің толық кешенін ұсынуға дайын екендігі жөнінде пікірлесті.

Сондай-ақ Банктің Басқарма Төрағасының Өскемен қаласына сапары аясында Қ.Қ. Дәмитов мырзаның Банк филиалы ұжымымен кездесу өтті. Ол бөлімдер мен бөлімшелердің жұмысымен танысты, бөлімшелерге барып,  Банктің клиенттерімен әңгімелесті. Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен жұмыс кездесу барысында Банктің Басқарма Төрағасы филиалдың жұмысына оң баға берді және Банктің таяу перспективаға арналған жоспарлары туралы атап өтті.