Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Мұқтар Әбілязовтың кепілге босату туралы сұрауынан Франция сотының бас тартуы жөніндегі БТА Банкінің мәлімдемесі

03.10.2013 17:16:03

Алматы, 2013 жылғы 3 қазан - Бүгін, БТА Банкі Директорлар кеңесінің бұрынғы Төрағасы Мұқтар Әбілязовтың экстрадициялау бойынша сот талқылауының нәтижелерін күту уақытына оны кепілге босату туралы сұрауынан Франция сотының бас тартуы жөніндегі шешімін қолдады. Мұқтар Әбілязов Украина аумағындағы Банкке қатысты қылмысы бойынша 2013 жылғы 31 шілдеде қамауға алынды. Англияның Жоғарғы Соты оның алаяқтық әрекеттері үшін кінәлі деп танып, Банктің пайдасына 3 млрд. АҚШ доллар мөлшеріндегі қаражатты өтеу туралы шешім қабылдаған болатын.

БТА Банкінің Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі Павел Просянкин былай деп мәлімдейді:

"Біз, Мұқтар Әбілязовтың оны кепілге босату туралы сұрауынан Франция сотының бас тартуы жөніндегі шешімін қолдаймыз. Ол Қазақстаннан және Ұлыбританиядан қашып жүрді және өзінің алаяқтық әрекеттері үшін жауапты екендігін мойындатқан кез келген заңдарға құрметсіздігін көрсетті.

"Мұқтар Әбілязов Украина аумағында БТА Банкіне қатысты жасалған алаяқтық фактісі бойынша жүргізілген қылмыстық тергеулер негізінде Францияға келіп түскен Украинаның экстрадициялау туралы сұрауы негізінде тұтқындалды.

"Заңды тұлға ретінде, Әбілязовтың 6 млрд. АҚШ доллардан кем емес алаяқтық әрекеттер салдарынан негізгі корпоративтік зардап шеккен Банк экстрадициялау туралы істің жүргізілуін одан әрі қадағалайтын болады. Мұқтар Әбілязовтың әділ тұтқынға алынуы Банктің өз активтерін қайтару бойынша әрекеттеріне көп көмек, себебі, бұл оның құқыққа қарсы әрекеттері салдарынан түскен кірістерді жылыстату әрекеттерін жоюға ықпал етуі мүмкін.

"Мұқтар Әбілязов Англияның Жоғарғы Сотымен Банкті банкротқа ұшыратумен қатар, бүкіл әлем бойынша, соның ішінде Франция инвесторларының маңызды шығынға ұшырауына себеп болған ірі алаяқтық әрекеттерді ұйымдастырушы екендігі анықталды. Франция кредиторларының шығын сомасы 50 млн. АҚШ долларын құрайды. Кредиторлардың құрамына BNP Paribas, Societe Generale, Banque Populaire және Credit Agricole сияқты құрметті институттар кіреді.

Оның саяси құғындардың құрбаны ретінде көрсеткен әрекеттері, әрине, болжамды, бірақ бұл оның жасаған ірі ауқымды қылмыстық әрекеттерден көңілді бұрып әкетудің бостекі әрекеттері.».

БАҚ үшін байланыстар:

BTA Bank

Tel: +7(727) 266 47 99
Email: pr@bta.kz
Website: www.bta.kz