Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Беларусь банктері басшыларының делегациясы Қазақстанға келді

04.10.2013 16:06:57

Алматы, 2013 жылғы 4 қазан - Беларусь Республикасының банктері басшыларының және Беларусь банктерінің қауымдастық өкілдерінің делегациясы Қазақстан Республикасында жұмыс сапарымен жүр. Осы сапар аясында беларусь банктерінің басшылары қазақстандық әріптестерімен бірқатар іскерлік кездесулер мен келіссөздер жүргізуде, жұмыс мәселелерін талқылауда және тәжірибе алмасуда.

Сәрсенбі күні, 2-ші қазанда беларусь делегациясының Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығымен және қазақстандық қаржы институттарының өкілдерімен кездесуі өтті.  Тараптар аймақтық қаржы орталықтарының қызметін ұйымдастыру мәселелерін, банкті корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру, халықтың қаржы сауаттылығын арттыру мәселелерін талқылалады.

Бейсенбі күні, 3-ші қазанда беларусь делегациясы «БТА Банкі» АҚ бөлімшелеріне барды, сондай-ақ «БТА Банкі» АҚ басшылығымен кездесті. Сонымен қатар, кездесуде «СК Лизинг» АҚ лизингілік компания және «КазЭкспортГарант» Экспорттық кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ  басшылары қатысты. Осы кездесу аясында беларусь банктерінің топ-менеджерлері Қазақстан мен Беларусь банк секторының даму үрдістері мен перспективаларын, екі республиканың арасында экспорттау-импорттау операцияларын қаржыландыру мәселелерін талқылады, лизингілік операциялардың даму перспективаларын бағалады, сондай-ақ халықаралық капитал нарықтарындағы жұмыс тәжірибесімен және тәуекел-менджменті, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін сапқа тұрғызу тәжірибесімен алмасты. 

«БТА Банкі» АҚ беларусь банктерімен 2004 жылдан бастап ынтымақтасады. Осы уақыттан бері, «БТА Банкі» АҚ беларусь банктерінің қатысуымен жалпы сома 208,5 млн АҚШ долларына 420 сауда мәмілелерін қаржыландырды. Кедендік одақ және Бірегей экономикалық кеңістік аясында Қазақстан мен Беларусь арасындағы сауда қарым-қатынастарының белсенді дамуына байланысты, «БТА Банкі» АҚ және бірқатар беларусь банктері сауда операцияларын қаржыландыру саласында, соның ішінде «КазЭкспортГарант» Экспорттық кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ қатысуымен ынтымақтастықты арттыруға келісті.

Айталық, беларусь қаржыгерлерінің делегация сапары Беларусь Республикасының Президенті А.Г. Лукошенконың Қазақстанға ресми сапарымен келген уақытта өтіп жатыр, оның барысында екі елдің түрлі салаларындағы, соның ішінде қаржы секторы бойынша ынтымақтастық ету мәселелерінің кең спектрі қаралады. Бұл мәнмәтінде екі елдің қаржыгерлерінің кездесуі Қазақстан мен Беларусь қаржы институттарының тікелей әрекеттесуін арттыру қажеттілігіне қатысты келісулер жоғары деңгейде практикалық іске асырылғаны ретінде қарастыруға болады.