Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА24 онлайн-бөлімшесіндегі жаңа қызмет: салым валюталары арасында жинақтарды дербес айырбастау мүмкіндігі

08.10.2013 17:38:19

Құрметті салымшылар!

Қуанышты жаңалығымызбен бөліспекпіз: егер Сіз өз жинақтарыңызды БТА Банкінің мультивалюталық депозитінде сақтасаңыз, енді салым валюталары арасында жинақтарыңызды қолма-қол ақшасыз айырбастау үшін бөлімшеге келіп, уақыт кетірудің қажеті жоқ. БТА24 (интернет-банкинг) жаңа қызметінің арқасында -  дербес компьютер, планшет немесе ұялы телефон арқылы онлайн режимінде өз қаражаттарыңызды салымның кез келген валютасына айырбастай аласыз.

БТА24 арқылы қолма-қол ақшасыз айырбастау шарттары

  1. БТА24 арқылы мультивалюталық салым ішінде қаражаттарды кез келген жұмыс күні сағат 10:00 бастап 17:00 дейін (Астана уақыты) айырбастауға болады. Демалыс және мереке күндері, сондай-ақ, валютаның бірі айырбасталуға жататын валюталау болмаған күндері айырбастау - жүргізілмейді.
  2. Қаражаттарды айырбастау бір клиенттің шоттары арасында БТА Банкінде ашылған мультивалюталық салым ішінде жүргізіледі.
  3. Айырбасталған сома міндетті түрде  айырбасталған күннен бастап кем дегенде, 30 күн Сіздің шотыңызда болуы тиіс. Егер аталған мерзім аяқталмай осы соманы шешіп алсаңыз, Банк ішінара алу күнінде қолданыста болатын тарифтерге сәйкес Сізден комиссияны ұстап қалуға құқылы. Аталған комиссия салымшыға төленетін сомадан ұсталады және валюта түріне байланысты келесіні құрайды:
    • Теңгемен соманың 1%;
    • Шетел валютасында соманың 1,1%.
  4. Соңғы айырбастау кем дегенде, салым шартының әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн бұрын жүргізілуі тиіс.
  5. Айырбастаудың ең төменгі сомасы - 150 000 теңге немесе 1000 АҚШ доллары/еуро.
  6. Айырбастаудың ең жоғары сомасы - бір мәміле үшін ең көбі 750 000 теңге және бір айда ең көбі 3 млн. теңге (баламалы валюта).