Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Стандарт Цемент» зауытының екінші өндірістік желісі құрылысының жобасын қаржыландырады

21.10.2013 12:49:54

Алматы, 2013 жылғы 21 қазан - «БТА Банкі» АҚ (бұдан әрі - «Банк») Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Стандарт Цемент» ЖШС екінші өндірістік желісі құрылысының жобасы бойынша негізгі кредитор ретінде болады. Банктің кредиттік қаражаттары цементті «құрғақ» тәсілмен шығару бойынша жабдықты сатып алуға бағытталады. Жоба аясында құрылыс-монтаж жұмыстары заемшының жеке қаражаты есебінен жүргізіледі.

Жобаның қаржыландыруы сауданы қаржыландыру бойынша жаңғыртылатын кепілдендірілген кредиттік желінің (RCTFF)  қаражаты есебінен көзделген, оның Агенті The Royal Bank of Scotland, PLC жоғары дәрежелі еуропалық банк болып табылады.

Құрылатын өндірістік желінің жобалық қуаты жылына 1 млн тонна цемент құрайтын болады. Оның жеткізушісі Қытай Халық Республикасының Тяньцзин цемент өнеркәсібін ғылыми-зерттеу институты болып табылады.

«Стандарт Цемент» ЖШС Директоры Бауыржан Сейітжанов былай деп баяндады: «Біздің кәсіпорнындағы екінші өндірістік желісінің құрылысы қоршаған ортаға кез келген зиянсыз жоғары сапалы цементті өндіру көлемін арттыруға ғана емес, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етуге және аймақ бюджетіне салық түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді. Аталмыш желінің құрылысы барлық белгіленген стандарттар мен нормаларын сақтай отырып, жаңа технология бойынша жүзеге асырылуда және экологиялық таза өндірісін шығаруға бағытталған».

Өз кезегінде Банктің Басқарма Төрағасы Қадыржан Қабдошұлы Дәмитов: «Шетелдік кредиторлардың саудалық қаржыландыруы бойынша кредиттік желінің арқасында БТА Банкі «Стандарт Цемент» ЖШС аса тиімді талаптарымен қаржыландыра алады. Бұл БТА Банкінің қайта құрылымдау кезеңінен кейінгі жұмысындағы шетелдік инвесторлардың қаражаты есебінен қаржыландырылған алғашқы ірі мәміле. Біз осы жобаға қатысқанымызға қуаныштымыз, өйткені ол аймақтың экономика, сондай-ақ әлеуметтік саласына да маңызды болып табылады. БТА Банкінің «Стандарт Цемент» ЖШС өзара тиімді ынтымақтастық отандық цемент шығару бойынша өндірістік қуатын арттыруға және де Мемлекет басшысының дайын өнімінде қазақстандық үлесін арттыру бойынша тапсырысын іске асыруға мүмкіндік береді» деп атап өтті.

 «Стандарт Цемент» ЖШС туралы анықтама

«Стандарт Цемент» зауыты  - Оңтүстік Қазақстан облысы аймағында ең ірі және капиталды қажет ететін жобалардың бірі. Кәсіпорынның негізгі қызметінің түрі - цемент өндіру және сату. Зауыттың жобалық қуаты жылына М400 және М500 маркалы 1 млн. тонн цемент құрайды.

Зауыттың құрылысы ҚР үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Кәсіпорынның құрылтайшысы «Оңтүстік» қаржы-сауда өнеркәсіп корпорациясы» ЖШС болып табылады.

Кәсіпорындағы өндіріс процессі  энергоресурстар шығындарының төмен болуымен ерекшеленеді, бұл дайын өнімнің құның айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Тозаң ұстап қалғыштарды қолдануымен жаңа өндірістік технологияларын пайдалану қоршаған ортаға зиянды әсерлерінің болмауына кепілдік береді және кәсіпорынды барлық заманауи сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін экологиялық таза өндірісі деп санауға мүмкіндік береді. «Стандарт Цемент» ЖШС туралы толық ақпаратты - http://standart-cement.com сайтынан қараңыз.

БАҚ арналған байланыстар:
тел. +7(727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz