Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«Фактор» компаниялар тобы Әбілязовтың бірқатар активтерін бақылауға алғаны туралы жариялаған ақпаратына қатысты БТА Банкінің ресми түсініктемесі

21.10.2013 18:40:32

Алматы, 2013 жылғы 21 қазан - «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - «Банк»), «Фактор» компаниялар тобының баспасөз қызметінің аталмыш компаниялар тобының иесі, С.П. Тищенко, Украина азаматы, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен ықтималды бірлесе әрекет етуімен Банктің Директорлар кеңесінің бұрынғы Төрағасы М.К. Әбілязовтың бірқатар активтерін бақылауға алғаны туралы бірқатар БАҚ жарияланған хабарламасы бойынша түсініктеме бергенді жөн деп санайды.

Шын мәнісінде, аталмыш жағдай мынадай:

Әбілязовтың және оның сыбайластарының алаяқтық әрекеттеріне байланысты, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Украинаның құқық қорғау органдарымен тиісті қылмыстық істер қозғалған және олар тергелуде. Қылмыстық істер аясында Банк жәбірленуші болып мойындалған және өз процессуалдық құқықтарын пайдалануда. Аталмыш істерді тергеу нәтижесі айыпталушылар жасаған күнәнің деңгейін анықтау (нақты жеке тұлғалар), оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту және сотталған тұлғалардан келтірілген шығын сомаларын өндіріп алу болып табылады.

Банк жоғалтқан мүлікке, соның ішінде бұдан бұрын кепілге салынған мүлікке құқықтарын қалпына келтіру түрлі елдердің сот органдарындағы азаматтық сот ісі жүргізу тәртібімен қарастырылатын азаматтық істер аясында жүзеге асырылады. Банкпен Банктің мүлігін заңсыз иеленген заңды және жеке тұлғаларға талап қою аталмыш жеке тұлғаларға қатысты қылмыстық істерді тергеу және қарау бойынша құқық қорғау органдарының жұмысынан бөлек жүзеге асырылады.

Банк - өз бетімен, әсіресе кез келген елдердің құқық қорғау органдарымен бірге - Банктің мүлігін заңсыз иеленген тұлғалармен кез келген іс жүргізуден тыс түрлеріне қатыспайды. Банктің заңсыз шығарылған активтерін қайтару бойынша Банктің тиісті құрылымдық бөлімшесі (Активтерді қайтару департаменті)  айналысады, ол тартылған кеңесшілермен - кәсіби заң компанияларымен белсенді ынтымақтасуда. Бұл компаниялардың әрқайсысы Банктің қызметтерімен мұқият тексеруден өткен және Банктің уәкілетті органдарымен мақұлданған.

Банк Тищенко мырзаға да, оған тиесілі «Фактор» компаниялар тобына да Банктің мүддесі үшін немесе оның атынан әрекет етуге ешқандай өкілеттік бермеген.

Банктің Англияның Жоғарғы сотына (әрі қарай - Сот) берген талаптары аясында, Әбілязовтан және оның сыбайластарынан Банктің пайдасына 4 млрд АҚШ долларына жуық соманы өндіріп алу туралы шешімдер шығарылған. Сондай-ақ Сотпен Ресей Федерациясы Мурманск облысының Беломор шығанағындағы «Витино» мамандырылған теңіз кемежайына ие Usarel Investments Limited кипр компаниясының акцияларына Банктің меншік құқығы мойындалды.

Бұдан басқа, Соттың тиісті бұйрығы негізінде, Әбілязовтың активтері, Екатеринбургтағы «Логопарк «Пышма» және Новосибирсктегі Новосибирск қаласындағы «Логопарк Толмачево»  қойма кешендерін қоса Сотпен арнайы тағайындалған басқарушы компанияның басқаруына табысталған.   Осылайша, Әбілязовтан және оның сыбайластарынан Банкке келтірілген шығындар сомаларын өндіріп алу туралы жоғарыда көрсетілген Сот шешімдерін орындау «Логопарк Пышма» және «Логопарк Толмачево» қойма кешендері мүлігі есебінен де жүзеге асырылуы тиіс.

Банк үшінші тұлғалардың осы активтермен, сонымен қатар Сот шешімі бойынша тыйым салынған басқа мүліктермен, сондай-ақ Банкке тиесілі мүліктермен кез келген мәмілелер Сотпен тыйым салынғандығын және бұл заңсыз болып табылатынын ескертеді. Аталған активтердің тізімі БАҚ және Банктің ресми сайтында жарияланған (www.bta.kz/en/files/2013.02AssetsMK.pdf).

Банкке қатысы жоқ тұлғалар (соның ішінде Тищенко мырза немесе оған тиесілі «Фактор» компаниялар тобы) Сот шешімдері мен бұйрықтарын бұзып, Банктің талаптары бойынша Әбілязовтың немесе басқа жауапкерлердің Банкке қайтаруға тиесілі кез келген активтері заңсыз иеленген жағдайда, Банк бұл активтерді өз меншігіне қайтару бойынша және кінәлі, соның ішінде сотқа құрметсіздік танытқан тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша барынша күшін салады.  

БАҚ үшін байланыстар:

тел. +7(727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz