Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Англияның Жоғарғы Соты Мұхтар Әбілязовтың тағы бір туысын түрмеге қамау туралы үкім шығарды

21.11.2013 14:30:30

Алматы, 2013 жылғы 21 қараша - Бүгін, «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) Англияның Жоғарғы Сотының (әрі қарай - Сот) Банктің бұрынғы Директорлар кеңесінің Төрағасы Мұхтар Әбілязовтың Қазақстан аумағынан қашып кеткен туысы Салим Шалабаевты сотқа құрметсіздігі үшін кінәлі деп танып, 22 айға түрмеге қамау туралы үкім шығарғандығын хабарлайды.

2013 жылғы 18 қазанда Салим Шалабаевқа Сот шешімдерін жүйелі бұзу арқылы сотқа құрметсіздігі үшін айыпталды. Оған Соттың пікірі бойынша Әбілязовтың бақылауында болған компаниялар арқылы жіберілген миллион доллардың сақталған орны жайында ақпарат бермейінше, Англия мен Уэльс аумағынан кетпеу туралы бұйрық берілген болатын. Бұйрыққа қарамастан, ол ақпарат ұсынудан бас тартып, соттан жасырынып қашып кетті. Судья Эдер өзінің айыптау үкімінде Салим Шалабаевтың Апелляциялық Сотта «қасақана» жалған түсінік берумен қатар, құқыққа қарсы әрекеттерінің ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатқандығын анықтады.

Үкім шығарар алдында судья Эдер С.Шалабаевтың өзінің қауіпсіздігі үшін Соттың бұйрығына бағынуға мүмкінсіз екендігі туралы дәлелдерін қабылдамады, ол мұндай дәлелдердің ешқандай өтініштермен расталмағандығын және олар шынайы болған күнде де, «Салимнің айтуы бойынша, оның қорыққандығы туралы дәлел, менің ойымша, шығарылған бұйрыққа ешқандай қатысы жоқ» деп атап көрсетті.

Салим Шалабаев - сотқа құрметсіздігі үшін түрмеге қамау туралы шешім қабылданған Әбілязов сыбайластарының үшіншісі. Оның ағасы Сырым Шалабаев 2011 жылғы мамырда сотқа құрметсіздігі үшін айыпталған болатын, ал Пол Китриотис Ұлыбританияда және Кипрде (онда ол 3 айға түрмеге қамалды) сотқа құрметсіздігі үшін айыпталды. Мұхтар Әбілязовқа 2012 жылғы ақпанда Ұлыбритания аумағынан қашып кеткенге дейін Сотпен 22 айға  түрмеге қамау туралы айып тағылған болатын.

Активтерді қайтару процесін басқаратын Басқарушы директор - Банктің Басқарма мүшесі Павел Просянкин аталған Сот шешімін былай деп түсіндірді:

«Біз, Салим Шалабаевқа қатысты сот шешімін құптаймыз және Әбілязов пен оның сыбайластарының активтерді жасырып, жымқыру амалдарын тоқтату мақсатында айыптау шешімдерін алу үшін барлық күшімізді саламыз. Банк алаяқтық әрекеттерімен Банкке зиян келтірген, Әбілязовқа ықпал еткен тұлғаларды, сондай-ақ, қазіргі уақытта Банктен заңсыз шығарылған активтер мен ақшалай қаражаттарды жасыруға көмектесетін тұлғаларды да  сот тәртібінде жазалаймыз».

БАҚ арналған байланыстар:
тел.: +7(727) 266 43 22
email: pr@bta.kz
www.bta.kz