Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі 2013 жылғы үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша 24 млрд. теңгеден астам таза пайда алды

27.11.2013 19:40:17

Алматы, 2013 жылғы 27 қараша - БТА Банкі (әрі қарай - Банк) ХҚЕС бойынша аудит жүргізілмеген аралық қысқартылған біріктірілген есептіліктің деректері негізінде 2013 жылғы үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша Банк және БТА тобына (әрі қарай - Топ) кіретін компания қызметінің нәтижелерін хабарлайды.

2013 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша негізгі қаржы көрсеткіштері

Осы есептік кезеңдегі Банк қызметінің негізгі нәтижелерінің бірі 2012 жылғы 9 ай ішінде алынған шығындармен салыстырғанда, 24,1 млрд. теңге (159 млн. АҚШ доллар) таза пайда болып табылады. Таза пайданы алу оң таза пайыздық марж, пайыздық емес кірістердің өсуі және операциялық шығындардың азаюы есебінен мүмкін болды.

Өткен жылдың тиісті кезеңіндегі теріс нәтижелермен оң таза пайыздық марж 26,8 млрд. теңгені (177 млн. АҚШ доллар) құрады.

Пайыздық емес кірістер 21,9 млрд. теңгені (144 млн. АҚШ доллар) құрады. Осы кірістердің негізгі құраушысы комиссия түріндегі кірістер және алымдар, шетел валютасымен операциялар бойынша кірістер және сақтандыру қызметінен түскен таза кіріс болып табылады.

Пайыздық емес шығындар (базалық сома бойынша облигацияларды қалыптастыруға кеткен шығындарды шегергенде) өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29,2%, қызметкерлердің шығындарын қысқартуға байланысты 8,7% және басқа операциялық шығындарды қысқартуға байланысты 35,7% қысқарды.

Активтер өткен жылдың соңындағы деңгейде сақталды және 1 608 млрд. теңгені (10,5 млрд. АҚШ доллар) құрады. Активтердің құрылымындағы 39% үлесті клиенттерге берілген кредиттер құрайды.

Кредиттік портфель 633 млрд. теңгені (4 млрд. АҚШ доллар) құрады, 2012 жылғы 31 желтоқсандағы деректермен салыстырғанда аз ғана (2%) төмендеді.

Міндеттемелер 1 312 млрд. теңгені (8,5 млрд. АҚШ доллар) құрады. 2012 жылғы 31 желтоқсандағы деректермен салыстырғанда, міндеттемелер 2% азайды. Міндеттемелердің құрылымындағы 41% үлесті клиенттердің қаражаттары құрайды.

Клиенттердің қаражаттары 541 млрд. теңгені (3,5 млрд. АҚШ доллар) құрады, соның ішінде, 75% - клиенттердің мерзімді салымдары. 2012 жылғы 31 желтоқсандағы деректермен салыстырғанда негізінен мерзімді салымдардың өсуі есебінен клиенттердің қаражаттары 1% артты.

Баланстық меншік капиталы 296 млрд. теңгені (1,9 млрд. АҚШ доллар) құрайды. 2012 жылғы 31 желтоқсандағы деректермен салыстырғанда, Банк капиталы алынған таза кіріс есебінен 10% өсті. Капиталдың жеткіліктілік коэффициенті k2 белгіленген нормативтен 2 есеге артық (норматив 10% болғанда 27,7%). Базель келісімінің ұсыныстарына сәйкес есептелген бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті 25,8% құрады.

Банк ҚР Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес бұрын есептен шығарылған кредиттерді баланстан тыс шоттардан активтер шотына ауыстыруды жоспарлап отырғандығын қосымша хабарлайды. Бұл ауыстыру таза техникалық сипатқа ие және кредиттік портфельге (нетто), ағымдағы қаржы нәтижесіне және Банктің меншік капиталына ешқандай әсер етпейді, себебі бұрын есептен шығарылған кредиттер бойынша толық көлемде провизиялар қалыптасқан. Сонымен бірге, осы ауыстыру кредит көлемінің (брутто) және қалыптастырылған провизиялардың балансқа қалыптастырылатын кредиттер сомасына  бір реттік өсуіне алып келеді. Бұрын есептен шығарылған кредиттер Банктің проблемалық портфеліне кіреді, ол бойынша активтерді қайтару сияқты белсенді іс-шаралар, соның ішінде Қазақстан аумағында және одан тыс жерлерде талап-арыздық жұмыстар жүргізілуде. Банкпен проблемалық портфельдің мөлшері активтерді қайтаруға және сенімсіз берешектерді өндіріп алу бойынша барлық мүмкіндіктер қалмаған жағдайда, оларды есептен шығаруға байланысты біртіндеп төмендейді деп күтіледі.

2013 жылғы 9 айдағы маңызды жетістіктер

2012 жылдың соңында Банк міндеттемелерін қайта құрылымдаудың сәтті аяқталуы бизнестің одан әрі дамуына күш салуға мүмкіндік берді. Салымшылардың сенімін қалпына келтіруге бағытталған бөлшек сегментіндегі жұмыстар халықтың мерзімдік депозиттер портфелінің өсуін қамтамасыз етті, ол 2013 жылдың 3 тоқсанында 7,6 млрд. теңгеге артты.

Депозиттік базаны кеңейтумен қатар, Банк бөлшек кредиттік портфельдің сапалы өсуін қамтамасыз етуге басты назар аударады. Ол үшін Банк тәуекелдердің дәлме-дәл бақылауында кредиттерді оңайлату мен жеделдету және осылайша клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру үшін ішкі бизнес-процестерді жетілдіріп, ішкі процедураларды автоматтандырады және оңтайландырады.

Сонымен бірге Банк бөлшек кредиттік портфельде проблемалық берешекпен де белсенді жұмыс істейді. 2013 жылғы 9 ай ішінде Банк 3,4 млрд. теңге проблемалық кредиттерді қайтаруға қол жеткізді.

Банктің шағын және орта кәсіпкерлікке қызмет көрсету саласындағы белсенділігі  2013 жылы клиенттік базаны және осы бизнес сегментіндегі Банктің депозиттік портфелін арттыруға мүмкіндік берді. 2013 жылдың басымен салыстырғанда ШОБ клиенттерінің саны 3% артты. ШОБ сегментіндегі Банктің депозиттік портфелі 2013 жылғы 10 ай ішінде 12% өсті. Соңғы жылдары Банк шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы көшбасшы болып табылады.

Ағымдағы жылдың қазан айында Банк «Ыстық ставкалар» акциясын іске қосты, оның аясында жеке кәсіпкерлер және компаниялар бұрын алған өздерінің кредиттерін жылдық 10% басталатын ставкамен қайта қаржыландыра алады. Қызмет көрсету уақытын қысқарту бойынша клиенттердің сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында Банк өтелген кепілдіктерді қарастырудың және берудің жеделдетілген схемасын жүзеге асырып, «Мобильді сервис» қосымша қызметін ұсынды. Бұл қызмет «БТА - Онлайн» қашықтан қызмет көрсету жүйесі аясында ұсынылады және клиенттерге әртүрлі мобильді құрылғылардың (смартфондардың, планшеттердің) көмегімен операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Банктің маңызды жетістіктерінің бірі ретінде ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысы бойынша Банктің корпоративтік басқару жүйесіндегі оң өзгерістерді атап өту қажет, соның ішінде бақылауды күшейту және еншілес компаниялармен өзара әрекет ету бекітілді.

Банк активтерін қайтару процесінде де - Банк менеджментінің бұрынғы өкілдеріне және олардың сыбайластарына қарсы Ұлыбританияның сот органдарына Банкпен берілген сот даулары аясында ілгерілеу байқалды. 2012 жылғы қарашадан бастап Англияның Жоғарғы Соты бірнеше шешімдер қабылдады, оларға сәйкес Банк пайдасына жалпы сомасы 3,9 млрд АҚШ доллар мөлшерінде зияндар өндіріп алынады. Сондай-ақ, Банк жалпы қазақстандық корпоративтік кредиттік портфельде проблемалық активтерді қайтару бойынша қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр.

БАҚ арналған байланыстар:

тел.: +7(727) 266 43 22
email: pr@bta.kz
www.bta.kz