Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен «БТА Банкі» АҚ акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы

06.12.2013 17:03:56

Осы арқылы «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен «БТА Банкі» АҚ Басқарма құрамының өзгеруіне байланысты «БТА Банкі» АҚ акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулардың мемлекеттік тіркелетіндігін хабарлайды:

1) «БТА Банкі» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары А.Н.Бейсенбаевтың бастамасымен оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты ол туралы мәліметті жоюға қатысты («БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 29 қазандағы  №29 шешімі).

2) Ж.С.Ахметкалиеваны «БТА Банкі» АҚ Басқарушы Директоры - Басқарма мүшесі қызметіне сайлауға байланысты Ж.С.Ахметкалиева туралы мәліметпен толықтыруға қатысты («БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 29 қазандағы  №29 шешімі).

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен 2013 жылғы 22 қарашада тіркелген «БТА Банкі» АҚ акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларда мазмұндалған басылымда толықтырылған және өзгертілген «БТА Банкі» АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі В.Ф.Романюк бойынша мәліметтерге қатысты («БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 29 қазандағы  №29 шешімі).

Аталмыш ақпаратпен http://www.bta.kz/ru/investor/shinfo/statemis/add-ins мекен - жайында танысуға болады.