Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі БТА Банкінің қолма-қол валюта айырбастау операцияларын жүргізу лицензиясын уақытша тоқтатты

20.12.2013 18:41:19

Алматы, 2013 жылғы 20 желтоқсан – «БТА Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №277 Қаулысы негізінде Банктің қолма-қол валюта айырбастау операцияларын жүргізу лицензиясының қолданылу мерзімі 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін уақытша тоқтатылғандығын хабарлайды.

Аталған мерзім ішінде Банк өзінің бөлімшелеріндегі қолма-қол валюта айырбастау операцияларын жүргізуді тоқтатады. Қалған барлық операциялар, соның ішінде төлемдер жүргізу, жеке, сондай-ақ заңды тұлғалардың депозиттеріне және шоттарына кез келген валютада қызмет көрсету – қандай да бір өзгерістерсіз жүзеге асырылады. Банктің мультивалюталық депозиттерінде қаражаттарын орналастырған клиенттердің салымдарын толықтыруға және жинақтарын салымның кез келген валютасында алуға мүмкіндіктері бар. Бұдан басқа, Банк клиенттері салым валюталары арасында, сондай-ақ Банкте қалыпты режимде ашылған шоттар арасында қолма-қол ақшасыз айырбастауды жүргізе алады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Банк барлық клиенттерге уақытша туындаған жағдайларға түсіністікпен қарауды және келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қолма-қол ақшасыз айырбастау тәртібі туралы толық ақпаратты және түсіндірмелерді алу үшін Банктің кез келген бөлімшесіне хабарласу қажет.

БАҚ арналған байланыстар:

тел.: +7(727) 266 43 22
email: pr@bta.kz
www.bta.kz