Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА «Образовательный» жаңа депозитін ұсынады

20.12.2013 10:21:08

БТА Банкінің депозиттер желісінде «Образовательный» жаңа мерзімдік салымы ашылды. Банк Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қатысушысы болып табылады және осы бағдарлама аясында қазақстандық немесе шетелдік оқу орындарында оқуға төлейтін қаражаттарды жинақтауға арналған арнайы тиімді шарттармен жаңа депозит әзірледі.  БТА - отандық екінші деңгейдегі банктер арасында депозитті ашу кезінде деректерді тексерудің автоматтандырылған процесін алғаш болып ендірді.

Жаңа салым жоғары кірістілігімен ерекшеленеді - жылдық 15,3% дейін*

«Образовательный» депозитінің артықшылығы

  •   Салым бойынша сыйақының жоғарғы ставкасы - 8,3% дейін.
  •   Жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы - 7% дейін.
  •   Есептелген сыйақыны ай сайын капиталдау.
  •   Қосымша жарналар - шектеусіз.
  •  Салымның бүкіл мерзімінде сыйақының белгіленген ставкасы.
  •   Банкке тікелей келместен депозитті толықтыру мүмкіндігі: Cash&Pay терминалдары арқылы, интернет-банкинг арқылы, төлем картасынан немесе ағымдағы шоттан «Ұзақ мерзімді тапсырма» қызметінің көмегімен ақшаны аудару арқылы.
  •   Еліміздің кез келген елді мекенінде орналасқан банк бөлімшелерінің кең желісі.

Сыйақының жылдық тиімді ставкасы

Депозит мерзіміне байланысты: 

Депозит мерзімі (айлар)

36

60

Жылдық тиімді ставка

8,3%

7,2%

 Білімге салым - болашаққа инвестиция!