Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Франция соты Ресей мен Украинаның Мұқтар Әбілязовты экстрадициялау туралы сұрауларын қанағаттандырып, Ресей сұранысын қолдады

09.01.2014 17:43:35

Алматы, 2014 жылғы 9 қаңтар - БТА Банкі (әрі қарай - Банк) Франция сотының Мұқтар Әбілязовты экстрадициялау туралы шешімін қолдады. Сот Ресей мен Украинаның сұрауларын қанағаттандырып, Ресей сұрауын қолдады. Осы шешім Әбілязовтың Банктің Директорлар кеңесінің Төрағасы қызметін атқарған кезеңде заңсыз иемденген 6 млн. АҚШ доллар мөлшеріндегі активтерді қайтарудағы Банктің маңызды іс-әрекеттері болып табылады.

Әбілязовтың Ресейде және Украинада жасаған алаяқтық әрекеттері бойынша оған қарсы қылмыстық айыптауларды қолдау туралы шешім Ресеймен және Украинамен қабылданды. Бұл шешім Әбілязовтың Англияның Жоғарғы Сотының бірнеше шешімдерін және бұйрықтарын орындамағаны үшін оны сот алдында мәжбүрлеуге бағытталған негізгі шаралар ретінде Банк тарапынан қолдау тапты.

Лондондағы БТА Банкінің заң кеңесшісі болып табылатын Hogan Lovells компаниясының серіктесі Крис Хардман былай деп мәлімдеді:

«Әбілязовтың БТА Банкіне қатысты жасаған алаяқтық әрекеттері үшін сот алдында жауап беруі үшін оны экстрадициялау туралы шешім Банктің активтерді қайтару бойынша әрекеттеріне қолдау болады. Экстрадиция Әбілязовтың заңға қайшы әрекеттері салдарынан қаражаттарды жылыстатуына шектеу қояры анық. Сондай-ақ, ол Әбілязовтың саяси себептермен қудаланған тұлғаның рөлінде өзін көрсету әрекеттері - негізсіз екендігін көрсетеді; одан БТА мен оның кредиторларынан ұрланған миллиардтаған долларлар үшін жауап беруі талап етіледі».

Франциядағы БТА Банкінің заң кеңесшісі Антонин Леви былай деп мәлімдеді:

«Бүгінгі соттың шешімі Ресей мен Украинаның құқық қорғау органдарының Әбілязовты экстрадициялау туралы сұрауларының, сондай-ақ, Әбілязовқа қатысты БТА Банкімен бастама жасалған талаптардың  қолдау тапқандығын растайды. Франция судьясы Әбілязовты айыптау оның экстрадициясын растау үшін жеткілікті дәлел деп қарастырады. Әбілязовтың бұл шешімге қатысты шағымдары - маңызды болмайды, себебі мұндай шағымдану процессуалдық мәселелерге ғана қатысты болады және Әбілязовты экстрадициялау жағдайына немесе Банктен миллиардтарды ұрлауға қатысты оның істеріне ешқандай әсер етпейді».

БАҚ арналған байланыстар:
Тел.: +7(727) 266 43 22
pr@bta.kz
www.bta.kz