Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетімен «БТА Банкі» АҚ акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы

10.01.2014 14:10:10

Осы арқылы «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетімен «БТА Банкі» АҚ Басқарма құрамының өзгеруіне байланысты «БТА Банкі» АҚ акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулардың мемлекеттік тіркелетіндігін хабарлайды:

1) «БТА Банкі» АҚ Басқарушы Директоры - Басқарма мүшесі П.Ю.Просянкиннің жеке бастамасы бойынша 2013 жылғы 01 желтоқсаннан бастап оның өкілеттігінің тоқтауына байланысты ол туралы мәліметтерді жою («БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 31 шешімі);

2) 2013 жылғы 01 желтоқсаннан 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзіммен «БТА Банкі» АҚ Басқарушы Директоры - Басқарма мүшесі қызметіне О.С.Имашеваны тағайындауға байланысты ол туралы мәліметпен толықтыру («БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 31 шешімі);

3) 2013 жылғы 01 желтоқсаннан 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзіммен «БТА Банкі» АҚ Басқарушы Директоры - Басқарма мүшесі қызметіне А.А.Даулетбаеваны тағайындауға байланысты ол туралы мәліметпен толықтыру («БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 31 шешімі);

4) 2013 жылғы 01 желтоқсаннан 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзіммен «БТА Банкі» АҚ Басқарушы Директоры - Басқарма мүшесі қызметіне Е.Г.Молчанованы тағайындауға байланысты ол туралы мәліметпен толықтыру («БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 31 шешімі);

5) 2013 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетімен тіркелген «БТА Банкі» АҚ акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулардың басылымында толықтырылған және мазмұндалған «БТА Банкі» АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі Арман Бакитович Шакенов туралы мәліметтер бойынша («БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 31 шешімі).

Аталмыш ақпаратпен http://www.bta.kz/ru/investor/shinfo/statemis/add-ins мекен - жайында танысуға болады