Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі өзінің Faster ақшалай аударымдар жүйесін AVERS украин жүйесімен біріктірді

14.01.2014 15:37:01

Алматы, 2014 жылғы 10 қаңтар - БТА Банкі (әрі қарай - Банк) өзінің Faster ақшалай аударымдар жүйесін «Финансы и Кредит» украиндық банкінің AVERS жүйесімен біріктіруін сәтті аяқтады. Бұл шара Банк клиенттері үшін ақшалай аударымдар бойынша қызмет көрсететін орындардың ауқымын кеңейтуге, банктік сервистің жылдамдығы мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Енді, Қазақстанда және жақын және алыс шетелдерге Faster қызмет көрсету желісіне қосымша Банк клиенттері үшін 2,9 мыңнан астам Украина аумағында AVERS жүйесінің ақшалай аударымдарын қабылдау және жіберу орындары қолжетімді болды.

Faster ақшалай аударымдар ауқымын жоспарлы кеңейту, қызмет көрсетудің жылдамдығы мен сенімділігін біруақытта арттырумен икемді тарифтік саясаты әрдайым Банктің бөлшек бизнесінің стратегиялық артықшылықтарының бірі болып табылады. Faster жүйесінің «Золотая Корона», Intel Express Money Transfers Worldwide және Caspian Money Transfer ақшалай аударымдар жүйелерімен бірігуінің арқасында - Faster қызмет көрсету желісі жақын және алыс шетелдің 24 астам елін қамтиды және оған 25 астам ақшаны қабылдау мен жіберу орны кіреді.

Faster ақшалай аударымдар жүйесінің маңызды артықшылықтарының бірі қызмет көрсету жылдамдығы жоғары болып табылады: жіберу орнынан белгіленген орынға аударым небәрі бір минут ішінде түседі. Аударымдар төрт валютада жүргізіледі - теңге, ресей рублі, АҚШ доллары және еуро, бұл ретте айырбастау клиентке тиімді бағаммен жүргізіледі. Аударымды жіберу үшін жеке басын куәландыратын құжат қана талап етіледі. Өтініштің электронды нысанын ендіру арқасында Банк клиенттері өтінішті өз қолымен толтыру машақатынан босатылды, себебі оны Банк бөлімшелеріндегі мамандар клиентпен ұсынылған ақпарат негізінде жүзеге асырады. Ақша жіберушіден бар болғаны, нысанның дұрыс толтырылуын тексеру және оған қол қою ғана талап етіледі. Ақша жіберуші аударыммен бірге қысқа мәтіндік хабарлама жібере алады, сондай-ақ, оны SMS арқылы аударымның белгіленген орынға түсуі туралы хабарлай алады.

AVERS ақшалай аударымдар жүйесі туралы толық ақпарат

«Финансы и Кредит» украиндық банкінің AVERS Халықаралық ақшалай аударымдар жүйесі 2005 жылғы наурызда құрылды. Жүйенің негізгі жұмыс істеу қағидалары - демократиялық тарифтік саясат, ұсынылатын қызметтердің және ақшалай аударымдар желісінің ауқымын тұрақты кеңейту, сондай-ақ, белгіленген орынға аударымды аз уақыт ішінде жеткізу. Жұмыс ережесінің ашықтығы мен қарапайымдылығының арқасында AVERS ақшалай аударымдар жүйесі кеңінен танымал, ал қызмет көрсету желісі Украина аумағында 2954 астам аударымдарды қабылдау және жіберу орнын қамтиды. Қазіргі уақытта «Финансы и Кредит» банкі «Интеркоопбанк» АКБ (Ресей, Мәскеу), «Золотая Корона» ЕБКҰ (Ресей), «Заминбанк» ААҚ (Әзербайжан), Intel Express (Грузия) қоса алғанда, серіктес-банктермен AVERS ақшалай аударымдар жүйесі аясында 98 Ынтымақтастық туралы шарт жасады.

БАҚ арналған байланыстар:

Тел.: +7(727) 266 43 22
pr@bta.kz
www.bta.kz