Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Жасалуына мүддесі бар мәмілелені жасау туралы

15.01.2014 15:18:18

Осы арқылы, «БТА Банкі» АҚ 2014 жылғы 1 қаңтарда Банктің Директорлар кеңесі жасалуына мүддесі бар мәмілені жасау туралы шешім қабылдағандығын хабарлайды. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 ж. №72 Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру ережелерінің талаптарын орындау мақсатында, Сізге корпоративтік оқиғалар туралы мәліметтерді жолдаймыз.

Акционерлік қоғамының ірі мәмілелер және жасалуына қоғамның мүддесі бар  мәмілелердің жасалуы туралы ақпарат

1) Директорлар кеңесімен мәмілені жасау туралы шешім қабылдаған күні - 2014 жылғы 1 қаңтар;

2) мәміле мәні болып табылатын мүлік құны - қолданылмайды;

3) мәміле мәні болып табылатын мүліктің соңғы бағалау күні - қолданылмайды;

4) мәміле мәні болып табылатын мүліктің осы акционерлік қоғам активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы - қолданылмайды;

5) мәміленің негізгі маңызды шарттары:

- мәміленің мәні - дебеттік төлем карточкасын қайта шығару;

- карточкалық өнім -  жалақы карточкасы;

- карточка түрі Visa Classic;

- карта мәртебесі (негізгі/қосымша) - негізгі;

- шот валютасы - теңге;

-  әрекет ету мерзімі - 36 ай;

- төлем карточкасы бойынша жылдық қызмет көрсету үшін комиссия - 2 100 теңге;

6) мәміленің жасасу күні - 2014 жылғы 13 қаңтар.