Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі Faster ақшалай аударымдар жүйесі аясында «Хамкорбанкпен» (Өзбекстан) ынтымақтастығын жалғастырды

24.01.2014 14:24:40

Алматы, 2014 жылғы 14 қаңтар - БТА Банкі (әрі қарай - Банк) өзінің Faster ақшалай жедел аударымдар жүйесі аясында «Хамкорбанк» Акционерлік коммерциялық банкімен ынтымақтастығын жалғастырды. Бұл шара Банк клиенттері үшін ақшалай аударымдар бойынша қызмет көрсету орындарының ауқымын кеңейтуге, банктік сервистің жылдамдығы мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Енді, Қазақстанда және жақын және алыс шетелдерге Faster қызмет көрсету желісіне қосымша Банк клиенттері үшін Өзбекстанның барлық қалаларында және ірі елді мекендерінде орналасқан Faster ақшалай жедел аударымдарын қабылдау және жіберу орындары қолжетімді болды, олар 196 орынды қамтиды.

Банк, «Хамкорбанкпен» өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыру арқасында Қазақстанда жұмыс істейтін Өзбекстан азаматтары отанындағы өздерінің туыстары мен жақындарына ақшаны жылдам жіберу мүмкіндігін барынша жоғары бағалайды деп сенеді. Оларға бүкіл Қазақстан бойынша 19 филиалдан және 174 бөлімшеден тұратын Банктің кең аймақтық желісі қызмет көрсетеді.

Бұрын айтылғандай, Faster ақшалай аударымдар ауқымын жоспарлы кеңейту, қызмет көрсетудің жылдамдығы мен сенімділігін біруақытта арттырумен икемді тарифтік саясаты әрдайым Банктің бөлшек бизнесінің стратегиялық артықшылықтарының бірі болып табылады. Faster жүйесінің «Золотая Корона», Intel Express Money Transfers Worldwide және Caspian Money Transfer ақшалай аударымдар жүйелерімен бірігуінің арқасында - Faster қызмет көрсету желісі жақын және алыс шетелдің 24 астам елін қамтиды және оған 25 астам ақшаны қабылдау мен жіберу орны кіреді.

Faster ақшалай аударымдар жүйесінің маңызды артықшылықтарының бірі қызмет көрсету жылдамдығы жоғары болып табылады: жіберу орнынан белгіленген орынға аударым небәрі бір минут ішінде түседі. Аударымдар төрт валютада жүргізіледі - теңге, ресей рублі, АҚШ доллары және еуро, бұл ретте айырбастау клиентке тиімді бағаммен жүргізіледі. Аударымды жіберу үшін жеке басын куәландыратын құжат қана талап етіледі. Өтініштің электронды нысанын ендіру арқасында Банк клиенттері өтінішті өз қолымен толтыру машақатынан босатылды, себебі оны Банк бөлімшелеріндегі мамандар клиентпен ұсынылған ақпарат негізінде жүзеге асырады. Ақша жіберушіден бар болғаны, нысанның дұрыс толтырылуын тексеру және оған қол қою ғана талап етіледі. Ақша жіберуші аударыммен бірге қысқа мәтіндік хабарлама жібере алады, сондай-ақ, оны SMS арқылы аударымның белгіленген орынға түсуі туралы хабарлай алады.

БАҚ арналған байланыстар:

Тел.: +7(727) 266 43 22
pr@bta.kz
www.bta.kz