Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің Директорлар Кеңесінің құрамындағы өзгерістер

14.02.2014 17:01:07

Алматы, 2014 жылғы 14 ақпан - «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) Банктің Директорлар Кеңесінің құрамындағы өзгерістер жайлы хабарлайды.

2014 жылғы 14 ақпанда өткен Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы барысында Банктің Директорлар Кеңесінде Елена Бахмутова мен Мира Кошкимбаеваның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы және аталмыш басқарма органының мүшесі ретінде Кеңес Ракишевті және Нина Жусупованы тағайындау туралы шешім қабылданды.

Қабылданған шешімдерді ескере отырып, Банктің Директорлар кеңесінің құрамына келесілер қабылданады: Кеңес Ракишев, Нина Жусупова, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ өкілдері Кадыржан Дамитов және  Райхан Имамбаева, тәуелсіз директорлар  Юрий Войцеховский мен Константин Корищенко.

2014 жылғы 14 ақпанда Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы аяқталған соң, Банктің Директорлар Кеңесінің ашық отырысы өтті, онда Кеңес Ракишевті Банктің Директорлар Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындау туралы шешім қабылданды.

Банктің Директорлар Кеңесінің құрамындағы өзгерістер Банк акцияларын оның негізгі акционері - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «Казкоммерцбанк» АҚ танытуында инвесторлар консорциуміне және қазақстандық бизнесмен Кеңес Ракишевке сату бойынша 2014 жылғы 6 ақпанда жарияланған мәміле аясында жүргізілді. Қажетті мұрагерлікті сақтаумен, «БТА Банкі» АҚ  жаңартылған Директорлар Кеңесі, оның акционерлер құрамындағы алдағы өзгерістерді ескере отырып, әрі қарай Банк қызметінің тиімділігін арттыруды және онтайландыруды көздейді. 

БАҚ үшін байланыстар:

тел. +7 (727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz