Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің әлеуметтік желілердегі қауесеттерге қатысты түсіндірмесі

18.02.2014 17:56:02

Алматы, 2014 жылғы 18 ақпан - «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) кейбір әлеуметтік желілерде бірқатар қазақстандық коммерциялық банктердің банкротқа ұшырауы туралы шынайы емес мәліметтердің таралуына байланысты жағдайды түсіндіру қажет деп санайды.

«БТА Банкі» АҚ барлық мүдделі тұлғалардың назарына, Банктің қалыпты режимде жұмыс істейтіндігін және ол үшін алаңдаудың қажеті жоқ екендігін хабарлайды. Банк сенімді әрі тұрақты қаржы институты болып табылады, оның қызметі мемлекет тарапынан - негізгі акционері «Самұрық-Қазына» АҚ және қазақстандық реттеу және қадағалау органдарының бақылауында. Орын алған теңгенің девальвациясы Банкте орналасқан депозиттердің сақталуына және оның клиенттер алдындағы міндеттерін орындау қабілетіне ешқандай кері әсер етпейді.  Банктегі өтімділік қоры оның клиенттер алдындағы міндеттерін өз уақытында және толығымен орындауға: салым бойынша сыйақы есептеуге және  жасалған шарт талаптарына сәйкес салымшыларға олардың депозиттерін қайтаруға мүмкіндік береді.

Банктің қаржы жағдайының тұрақтылығы жақында Moody's Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігімен оның депозиттік рейтингінің артуымен расталады. Moody's агенттігі Банктің ұлттық және шетел валютасында Банктің ұзақ мерзімді депозиттік рейтингін «Caa1» деңгейінен «B3» деңгейіне дейін арттырды. Банктің ұзақ мерзімді депозиттік рейтингі бойынша болжам «дамушы» сатысынан «оң» сатысымен қайта қарастырылды. Сонымен қатар Moody's агенттігі Банктің кредиттеу қабілеттілігінің базалық бағасын (BCA) «сaa3» деңгейінен «сaa2» деңгейіне көтерді, бұл Банктің қаржылық тұрақтылығының жеке рейтингін (BFSR)  «тұрақты» болжамымен «Е» деңгейінде және қысқа мерзімді рейтингтерді «Not Prime» деңгейінде растады.

Жоғарыда аталғандардың негізінде, Банк барлық клиенттерден - араңдатушылыққа берілмей, шынайы емес мәліметтердің таралуына жол бермеуді, ресми дереккөздердегі парасатты мағыналы және тексерілген ақпаратты басшылыққа алып, саналы инвестициялық шешім қабылдауды сұрайды.
Банк өз клиенттеріне сервистің жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, қызметтердің кең көлемін ұсынады және өзінің жұмысын қалыпты режимде жалғастырады.

БАҚ арналған байланыстар:

Тел.: +7(727) 266 43 22
pr@bta.kz
www.bta.kz