Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА және «Даму» Қоры 2013 жылғы ортақ жұмыс қорытындысын жасады

18.02.2014 17:58:34

Сейсенбі, 11 ақпан күні Алматыда «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорында серіктес-банктердің өкілдерімен таңертеңгі ас-бизнесі ұйымдастырылды. Кездесу мақсаты: 2013 жылғы қорытындыны және 2014 жылғы жаңа жоспарларды талқылау болды.

2013 жылғы қорытынды бойынша Кепілдендіру бағдарламасын іске асыру аясында БТА кредиттік портфельдің көлемі жағынан екінші деңгейлі банктер арасында 3-орынға ие болды, өткен жылы жалпы сомасы 379 млн. теңге 9 жоба бойынша кепілдік шарттары жасалған еді. Субсидиялау бағдарламасы бойынша 2013 жылғы нәтиже бойынша БТА 4-ші орынды иемденді ­- банкпен 110 жоба бойынша субсидиялау шарттары жасалған. «Даму» Қорының бағдарламалары бойынша аталмыш нәтижелердің жетістігі үшін банк құрмет грамотасымен марапатталды.

2007 жылдан бастап БТА отандық бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың көшбасшысы болып табылады. Жалпы, «Бизнес жол картасы 2020» Бағдарламасын іске асыру кезеңінде  банк  сыйақы ставкаларын субсидиялау бойынша мемлекет қолдауына ие болған жоба саны жағынан бірінші орында, ал кредиттерді кеплдендіру бойынша үшінші орынға ие. 2013 жылы «Агробизнес - 2020» Бағдарламасына қатысты. «Даму» Қорымен ынтымақтастығын жалғасатыра отырып, банк осы жылы «2012-2020 жылдары моноқалаларды дамыту» бағдарламасының қатысушысы атанды.