Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі Басқармасының құрамындағы өзгерістер

25.02.2014 17:53:59

Алматы, 2014 жылғы 25 ақпан - «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Кадыржан Дамитовтың өкілеттігін 2014 жылғы 26 ақпаннан бастап мерзімінен бұрын тоқтату және осы лауазымға Магжан Ауэзовты тағайындау жөнінде шешім қабылдады.

Бұл шешім «БТА Банкі» АҚ акцияларын оның негізгі акционері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен «Казкоммерцбанк» АҚ және қазақстандық бизнесмен Кенес Ракишевтың танытуында - инвесторлар консорциумына сату бойынша мәміле аясында қабылданды.

К.К.Дамитов мырза «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ халықаралық стандарттарға сәйкес мәмілені дайындау бойынша әлеуетті стратегиялық инвесторлармен өзара әрекет ету кезеңінде «БТА Банкі» АҚ тұрақты дамуына маңызды үлес қосты. Бұдан әрі Кадыржан Дамитов өз жұмысын «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ өкілі ретінде жалғастырады және қаржы институты қызметінің күрделі әрі стратегиялық маңызды бағыттарында жұмыс жасайды.

Банктің Директорлар кеңесінің Төрағасы Кеңес Ракишев туындаған өзгерістерді былай деп мәлімдейді:

«Магжан Ауэзов банктік сектордағы тиімді менеджерлердің бірі болып табылады.» БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі оның ірі қазақстандық банктегі жұмыс тәжірибесі «БТА Банкі» АҚ тиімді басқаруын қамтамасыз етуге және іске асырылатын мәміленің тиісті мәселелерін шешуге көмектеседі деп сенеді».

БТА Банкі Басқармасының жаңа Төрағасы М.М.Ауэзов мырза «Казкоммерцбанк» АҚ Басқарма мүшесі болып қалады, онда ол БТА Банкімен интеграциялау процесін басқарады.

Бүгінгі орын алған БТА Банкі Басқармасының құрамындағы өзгерістерге қатысты Директорлар кеңесінің мүшесі Нина Жусупова:

«Біз осы тағайындауды өте жақсы қолдаймыз: БТА Басқармасы қысқа мерзім ішінде екі банктің мүмкін бірігуі алдында өзара әрекет ету бойынша қолайлы әрі жұмыс тетіктерін құруы тиіс. Осыған орай әрекет етуші клиенттердің мүддесі үшін БТА Банкінің толық қанды қызметін қамтамасыз ету өте маңызды» - деп атап айтты.

БАҚ арналған байланыстар:

тел. +7 (727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz