Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Қаржы полициясының хабарламасына БТА Банкінің түсініктемесі

06.03.2014 11:11:12

Алматы, 2014 жылғы 6 наурыз - «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк), 2014 жылғы 4 наурызда Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (әрі қарай - қаржы полициясы) ресми сайтында жарияланған халықаралық террористік ұйымды қаржыландыру бойынша күдікті деп танылған Атырау облысының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғау туралы ақпаратқа түсініктеме береді. 

Қаржы полициясының хабарламасында мәлімделген 3 мың АҚШ доллар сомасындағы ақша аударымы 2011 жылдың басында жіберілген және осы операцияны жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы № 191-IV «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен анықталған шарттарға және критерийлерге сәйкес қаржылық мониторинг жүргізілмеген. Сонымен қатар ақша аударымын жіберуші де, алушы да оны жүзеге асыру кезінде терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың ресми тізбесіне енгізілмеген.

Сәйкесінше, осы ақша аудырымының кейін қаржы полициясымен күдікті операция ретінде танылуына Банктің болжауға негіздемесі және мүмкіндігі болмаған, осы күдікті операцияға қатысты оның жүзеге асырылуы терроризімді қаржыландыруға жіберілген деген негіз болған. Осы ақша аударымын алушының терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы болғандығы туралы Банкке 2013 жылғы ресми дереккөзінен белгілі болды (яғни аударымды жүргізгеннен кейін екі жыл өткен соң). Сол уақыттан бастап осы ақша аударымды алушы Банктің қаржы мониторингі жүйесінің тиісті деректер базасына енгізілген.

Банк, заңға бағынатын қаржы институты ретінде, өзінің жұмысын қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес құратындығын және уәкілетті органдардың барлық заңды талаптарын орындауға ұмтылатындығын атап өтеді.

БАҚ арналған байланыстар:

тел. +7 (727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz