Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА: 1 000 - ыншы салымшы «Образовательный» депозитін ашты

11.03.2014 15:48:58

БТА әйелдер мерекесінің қарсаңында Лейла Юнусованы - өзінің он үш жасар ұлы Кирилл Улитиннің атына «Образовательный» депозитін ашқан ананы - тиімді инвестициясымен құттықтады. Ол аталмыш депозиттің 1 000-ыншы салымшысы атанды. Сондай-ақ,  Банк Кириллдің анасына естелік үшін презенттерді: жыл бойы тегін қызмет көрсетілетін Gold артықшылықты төлем картасын және номиналы 10 000 теңге базарлық алтын купюраны сыйға тартты.

Мұның не ерекшелігі бар дерсіз? Осы салым түрін естімегендер үшін: «Образовательный» депозиті Қазақстандағы бірегей өнім.

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі өткен жылдың ортасында іске қосылды. Оның мәні: бағдарламаға қатысушы банкте депозит ашып, оқу орындарында білім алу үшін болашақта төлем жүргізуге ақша жинақтау қажет. Салым бойынша қомақты банктік сыйақымен қатар, ақшаны депозитте бір жыл жинағаннан кейін жылдық 7% дейінгі мөлшерде мемлекеттік сыйлықақы да қосылады. Негізгі шарт - салым оқу төлеміне ғана қолданылуы тиіс. Қазіргі уақытта «Образовательный» депозитін БТА Банкінде, Темір Банкте және Халық Банкте ашуға болады.

Лейла Юнусова «Образовательный» депозитіне қатысты сауалдарға жауап берді:

  • Депозит шарттарының қайсысы Сізге тартымды болды?
  • 15,3% дейінгі депозит бойынша жоғары ставкасы. Сонымен қатар, «Образовательный» депозитінің арқасында болашақта, қажет болғанда, кепілсіз жеңілдікті шарттармен, мемлекеттің кепілдігімен ұлымды оқытуға кредит ала аламын.
  • Депозитте қандай соманы жинау жоспарыңызда бар?
  • Ұлымның лайықты білім алуын қамтамасыз ету үшін мүмкіндігінше көп соманы жинауға тырысамын.
  • Білім алу үшін ақша жинауға ниетті тұлғаларға не кеңес айтар едіңіз?
  • Мемлекетке, Қазақстанның банктік жүйесіне, соның ішінде БТА-ға сенуге, «Образовательный» депозитінде балаларының болашақта білім алуы үшін ақша жинауға кеңес беремін. Ол өте тиімді және салымшыларға қосымша мүмкіндіктер ұсынады.

БТА біздің 1000-ыншы салымшымызға және «Образовательный» депозитін ашқан барлық клиенттерімізге, жоспарларының жылдам іске асуын және қаржылық амандық тілейді!

«Образовательный» депозитінің шарттарын еске саламыз:

  •   «Образовательный» депозитінің салымшылары:
    • өзінің білім деңгейін арттыру үшін ақша жинауға ниетті клиенттер;
    • болашақта балаларының оқуына ақша жинауға ниет білдірген ата-аналар, қамқоршылар, туыстар. 
  •   бастапқы жарнаның ең төменгі сомасы - 3 АЕК.
  •   сыйақының жылдық тиімді ставкасы - 15,3% дейін, соның ішінде жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы - 7% дейін.
  • депозит теңгемен ашылады.
  •   депозитті сақтау мерзімі - 3 жылдан 5 жылға дейін.
  •   есептелген сыйақыны ай сайын капиталдау.
  • сыйақының белгіленген ставкасы салымның бүкіл мерзіміне.
  •   қосымша жарналар шектеусіз қабылданады: касса, Cash&Pay терминалдары, интернет-банкинг арқылы, «Ұзақ мерзімді тапсырма» қызметінің көмегімен ақшаны төлем картасынан немесе ағымдағы шоттан депозитке аудару арқылы.
  •   білім беру ұйымының пайдасына ақшаны мақсатты аудару жағдайларынан басқа, ішінара шешіп алу қарастырылмаған.

Салым мерзіміне байланысты депозит бойынша сыйақы

Салым мерзімі

36  ай

60 ай

Банктің номиналды ставкасы

8%

7%

Мемлекет сыйлықақысы

7% дейін

7% дейін

Жылдық тиімді ставка

 15,3%

 14,2%

Егер салымшы ЖОО-да мемлекеттік грант бойынша білім алса, онда ол:

  •   жиналған қаражатты үшінші тұлғаның білім беру депозитіне аударуға;
  • қаражатты жоғары деңгейдегі білім алуға жинауға;
  • жиналған қаражатты банк сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен шешіп алуға құқылы.

Білімге салым - болашаққа инвестиция!