Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен Акцияларды орнықтыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөнінде

20.03.2014 17:46:27

Осы арқылы «БТА Банкі» АҚ (әрі арай - Банк) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен 2013 жылғы 02 тамыздан 2014 жылғы 01 ақпанға дейінгі кезең бойынша Банк акцияларын орнықтыру қорытындылары туралы есептің бекітілгендігін хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау комитетімен (әрі қарай - уәкілетті орган) Акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын орнықтыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөніндегі ақпарат:

1. бағалы қағаздардың шығарылымын тіркейтін мемлекеттік органның атауы, бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау комитеті, 2013 жылғы 07 қазан;

2. бағалы қағаздарды шығаруға жарияланған түрі, саны, бағалы қағаздарға берілген ұлттық сәйкестендіру нөмірі: 586 242 659 210 дана жай акциялар, ҰСН - KZ1C34920013;

3. облигацияларды шығарған жағдайда қосымша номиналды құны көрсетіледі, айналым мерзімі және өтеу тәртібі, олар бойынша кірістерді төлеу тәртібі және мерзімдері, ковенанттар және (немесе) олардың шығарылымы туралы проспектіде көрсетілген өзге шектеулер: қолданылмайды;

4. жарияланған бағалы қағаздардың мөлшерін арттыру: жарияланған бағалы қағаздардың мөлшерін арттыру бойынша бағалы қағаздардың шығарылымы проспектісіне өзгерістерді мемлекеттік тіркеу күні, жарияланған бағалы қағаздардың мөлшерін арттыру туралы шешімді қабылдау күні және осы шешімді қабылдаған акционерлік қоғамның органы, бағалы қағаздардың түрлері бойынша бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне тиісті өзгерістерді мемлекеттік тіркегеннен кейінгі жарияланған бағалы қағаздардың мөлшері: қолданылмайды;

5. бағалы қағаздарды орнықтыру туралы шешім қабылданған күн: «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің ашық отырысының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 27 хаттамасы;

6. бағалы қағаздарды орнықтырудың басталған күні, орналастыруға ұсынылған бағалы қағаздардың мөлшерін көрсетумен бағалы қағаздарды орнықтыру шарттары және орнықтыру тәсілі: 2012 жылғы 21 желтоқсан, акциялар Алматы қаласының Мамандандырылған қаржылық сотының 2012 жылғы 13 желтоқсандағы анықтамасымен бекітілген «БТА Банкі» АҚ қайта құрылымдау жоспарына сәйкес орнықтырылды;

7. бағалы қағаздарды орнықтырудың аяқталу күні (орнықтырудың есептік кезеңін көрсетумен), бағалы қағаздарды өтеу күні: 2014 жылғы 01 ақпан (2013 жылғы 02 тамыздан 2014 жылғы 01 ақпанға дейін);

8. есептік кезеңде орнықтырылған (өтелген) бағалы қағаздардың мөлшерін және түрін көрсетумен бағалы қағаздарды орнықтыру қорытындылары туралы есепті бекіту күні: 2014 жылғы 07 наурыз, есептік кезеңде 495 жай акция орнықтырылды;

9. акционерлік қоғаммен шығарылған бағалы қағаздардың ұстаушыларынан аталмыш бағалы қағаздардың есептік кезеңде олармен сатып алынған мөлшері және түрі: 0 акция;

10. есептік кезеңде акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы мәліметтер: есептелмеген және төленбеген;

11. жою негіздемесін көрсетумен бағалы қағаздардың шығарылымын жою күні: қолданылмайды.

Аталмыш ақпаратпен http://www.bta.kz/ru/investor/shinfo/statemis/rep мекен - жайында танысуға болады.