Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі клиенттерінің дербес деректерін жинау және өңдеу тәртібі туралы ақпарат

26.03.2014 17:20:21

Құрметті клиенттер!

2013 жылғы 26 қарашада күшіне енген 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес  БТА Банкі банктік қызметтер ұсыну барысында жеке тұлға-клиенттерден және заңды тұлға-клиенттердің өкілдерінен олардың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға тиісті келісім алуға міндетті.

Ол үшін БТА Банкі әмбебап болып табылатын және кез келген операцияны жүргізу (кредит алу, салым ашу, төлем карточкасын шығару, ақша аударымдарын жүргізу, коммуналдық және өзге қызметтерді төлеу, валюталарды айырбастау және т.б.) кезінде клиенттермен бір рет толтырылатын келісімдердің үлгілі нысандарын әзірледі.

Келісімдердің үлгілі нысандарының әмбебап сипатын ескере отырып, Банкпен сұратылған дербес деректердің тізбесі кеңінен қолданылатындығын есте сақтаңыздар. Дегенмен, БТА-ның клиенттеріне тиісті қызметтер көрсетуге пайдаланылатын Банкке қажетті ақпараттар көлемін ғана ұсыну талап етіледі. Осыған орай БТА Банкі клиенттерінің дербес деректері банктік құпия деңгейінде қорғалады, ал алынған мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылады.

Келісімдердің үлгілі нысандарымен танысу және клиенттердің дербес деректерін жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану тәртібі туралы толық ақпаратты алу БТА Банкінің кез келген бөлімшесінен немесе Байланыс орталығының телефондары бойынша мүмкін болады.