Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен «БТА Банкі» АҚ акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы

27.03.2014 17:42:48

Осы арқылы «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) Банктің Директорлар кеңесі құрамының өзгеруіне байланысты Банктің акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен мемлекеттік тіркелгендігін хабарлайды:

1) «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің Төрайымы және Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері Елена Леонидовна Бахмутованың және Мира Аманкуловна Кошкимбаеваның өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты олар туралы мәліметті жою («БТА Банкі» АҚ АКЖЖ №70 Хаттамасынан үзінді);

2) «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Нина Ароновна Жусупованы «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзіміне тағайындауға байланысты ол туралы мәліметпен толықтыру ((«БТА Банкі» АҚ АКЖЖ №70 Хаттамасынан үзінді);

3) «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Кеңес Хамитұлы Ракишевты «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзіміне тағайындауға байланысты ол туралы мәліметпен толықтыру («БТА Банкі» АҚ АКЖЖ №70 Хаттамасынан үзінді);

4) Проспектінің 10-тармағын 2014 жылғы Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы мәліметтермен толықтыру:

  2014 жылғы Эмитенттің Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер:

2014 жылғы 14 ақпанда Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының шешімімен «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері Елена Леонидовна Бахмутованың және Мира Аманкуловна Кошкимбаеваның өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.

2014 жылғы 14 ақпанда Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының шешімімен Эмитенттің Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Жусупова Н.А. сайланды.

2014 жылғы 14 ақпанда Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының шешімімен Эмитенттің Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Ракишев К.Х. сайланды.

2014 жылғы 14 ақпанда Директорлар кеңесінің шешімімен Эмитенттің Директорлар кеңесінің Төрағасы қызметіне Ракишев К.Х. сайланды;

5) Проспектінің 10-тармағындағы 2010 және 2011 жылдардағы Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы мәліметтерді жою.

Аталмыш ақпаратпен http://www.bta.kz/ru/investor/shinfo/statemis/add-ins мекен - жайында танысуға болады.