Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің Әбілязовты экстрадициялау туралы ісін қайта қарауға қатысты франция сотының шешіміне қатысты мәлімдемесі

11.04.2014 16:32:01

Алматы, 2014 жылғы 11 сәуір - «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) 2014 жылғы 9 сәуірдегі Мұқтар Әбілязовты экстрадициялау және істі қайта қарауға жіберу туралы Ресей мен Украинаның сұрауларын қанағаттандыру бойынша Экс-ан-Прованс сотымен бұрын шығарылған шешімінен бас тарту жөніндегі Париж сотының кассациялық шешіміне байланысты жағдайды түсіндіру қажет деп санайды.

Францияда Банк мүдделерін ұсынатын заңи кеңесші Антонин Леви былай деп мәлімдейді:

«Францияның Жоғарғы Сотының шешіміне сәйкес экстрадициялау туралы шешімнен бас тартудың негізгі және жалғыз себебі Соттың ұйымдастыру қателігі болып табылады, ол Сот құрамындағы кішігірім өзгерістердіен кейін экстрадициялау туралы сұрауларға қарсы Әбілязовтың наразылық білдірген онымен ресми хаттамаға қол қоймағандығымен түсіндіріледі. Осындай ұйымдастыру қателігінің автоматты және мәжбүрлі нәтижесі экстрадициялаудан бас тартуға алып келді, дегенмен, бұл Экс-ан-Прованс Апелляциялық Сотымен бұрын шығарылған сот шешімінің себептерін және мәнін дауламайды және оған ешқандай әсер етпейді.

Франция соты британдықтармен бірге Банкке зиян келтірген Әбілязовтың алаяқтық әрекеттерін қолдады. Экс-ан-Прованс Прокуроры Әбілязовты «ірі көлемді қылмыскер» ретінде таныды.

Банк, экстрадициялау туралы сұраулар Лион сотында қайта қаралатындығын және Әбілязовтың осы сот шешімі шыққанға дейін қамауда болатындығын түсінеді. Сөзсіз, осы әкімшіліктік қателік салдарынан туындаған кідірулер Банкке біршама қолайсыздықтар тудыратыны анық, соның ішінде, Экс-ан-Прованс сотына Әбілязовтың және оның адвокаттарының экстрадициялау туралы сұрауларға қатысты бағыттары және жалпы наразылықтары толығымен белгілі. Дегенмен, 2014 жылғы 9 қаңтарда Ресей мен Украинаның Әбілязовты экстрадициялау туралы сұраулары толығымен қанағаттандырылған, сондықтан Банк жаңа франция сотымен дәл осындай шешім қабылданады деп сенеді.

Соның ішінде, сот экстрадициялау туралы екі сұраудың да саяси сарынға негізделмегендігі және Әбілязовтың осы екі елде қандай да бір саяси қызметті жүзеге асырғандығын дәлелдей алмауы туралы қаулы шығарды. Сондай-ақ, сот Қазақстанға қайта экстрадициялау қауіпінің туындауына емес, Әбілязовтың екі елде де әділ сот шешімін және әділ үндеу алатындығына қанағаттанады.

Әбілязовтың наразылықтарымен қатар осы сұраулардың толық негіздемелері франция сотының қарауына ұсынылғандықтан, Банк жаңа соттың шешімі бірнеше апта ішінде қабылданады деп сенеді. Сондай-ақ, Әбілязовтың сот үкімінен сытылып кетпеуі үшін қамауда болатыны белгілі. Банк, соның ішінде Әбілязовтың Банкке қарсы жасаған маңызды айла-амалдары бойынша оның сот алдында жауап беруі үшін бар күшін салады. Оны экстрадициялау Әбілязовтың қылмыстық әрекеттерімен кірістерді жылыстату қабілетін шектеп, Банкке активтерді қайтару бойынша ықпал етеді».

БАҚ арналған байланыстар:

тел. +7 (727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz