Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ жылдық акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы ХАБАРЛАМА

30.04.2014 17:02:51

«БТА Банкі» Акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, Директорлар кеңесінің шешіміне (Хаттама №) сәйкес «БТА Банкі» АҚ 2013 қаржы жылының қызмет қорытындысы бойынша «БТА Банкі» АҚ жылдық акционерлердің жалпы жиналысын шақыратындығын хабарлайды.

Жылдық акционерлердің жалпы жиналысын шақыру бастамашысы «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады.

«БТА Банкі» АҚ жылдық акционерлердің жалпы жиналысы 2014 жылғы «31» мамырда сағат 10:00, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал - 2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, «Блок, А2», мәжіліс залы, 2-ші қабат мекенжайы бойынша өткізіледі. Акционерлерді тіркеу сағат 09:00 басталады.

«БТА Банкі» АҚ жылдық акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқылы Акционерлердің тізімі 2014 жылғы 22 мамырдағы жағдай бойынша әзірленеді.

«БТА Банкі» АҚ жылдық акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:

  1.     «БТА Банкі» АҚ 2013 жылғы аудит жүргізілген шоғырландырылған және жекелеген (шоғырландырылмаған) жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы»;
  2.     «БТА Банкі» АҚ 2013 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту және «БТА Банкі» АҚ бір жай акциясына есептелген дивиденд мөлшері туралы»;
  3.     «Қоғам және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің өтініштері жөніндегі мәселені қарау туралы»;
  4.    «2013 жылғы Басқарма мен Директорлар кеңесінің сыйақы мөлшері және құрамы туралы ақпарат».

«БТА Банкі» АҚ акционерлерін жылдық акционерлердің жалпы жиналысының жұмысына қатысуға шақырамыз. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі және өткізу мәселелеріне қатысты ақпаратпен және материалдармен келесі телефондар арқылы танысуға болады: +7 (727) 2 66 72 54; +7 (727) 2 66 72 69, e-mail: o_pitulova@bta.kz

Кворум жиналмаған жағдайда, Акционерлердің жалпы жиналысы 2014 жылғы «01» маусым күні сағат 10:00, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал - 2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, «Блок, А2», мәжіліс залы, 2-қабат мекенжайы бойынша қайта өткізіледі.  Акционерлерді тіркеу сағат 09:00 басталады.

 «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге акциялары номиналды иеліктегі және Орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде мәліметтері тіркелмеген меншік иесіне тиесілі акционерлер жіберілмейді.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу үшін жеке-тұлға - акционерлердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Акционерлердің өкілдері - жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген, акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен немесе нотариустың мөрімен нотариалды куәландырылған сенімхаты  және өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.  Заңды тұлғалардың акционерлер өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шарттарға сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін ұсынуға құқылы тұлға үшін қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге  сенімхат талап етілмейді.

 Заңды тұлғалар-акционерлер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» заңының 17-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес олардың акционерлерімен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» заңының аталмыш нормаларының талаптарын орындауы туралы өтініш ұсынуы тиіс.   

Байланыстар үшін:

 «БТА Банкі» АҚ  Корпоративтік хатшының көмекшісі
 Питулова Ольга Владимировна
+7 (727) 266-72-69, E-mail: o_pitulova@bta.kz