Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«Жасалуына мүддесі бар мәмілелерді жасау туралы»

13.05.2014 09:43:30

Осы арқылы, «БТА Банкі» АҚ 2014 жылғы 5 мамырда «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесімен жасалуына мүддесі бар мәмілелерді жасау туралы шешім қабылданғандығын хабарлайды.    

Акционерлік қоғамның ірі мәмілелер және жасалуына қоғамның мүддесі бар  мәмілелердің жасалуы туралы ақпарат 1) Директорлар кеңесімен мәмілені жасау туралы шешімнің қабылданған күні – 2014 жылғы 5 мамыр;

2) мәміле мәні болып табылатын мүлік құны - қолданылмайды;

3) мәміле мәні болып табылатын мүліктің соңғы бағалау күні – қолданылмайды;

4) мәміле мәні болып табылатын мүліктің осы акционерлік қоғам активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы – қолданылмайды;

5) мәміленің негізгі маңызды шарттары: 

- мәміленің мәні – дебеттік төлем карточкасын шығару;

- карточкалық өнім –  жеке карточка;

- карточка түрі - Visa Classic; 

- карта мәртебесі (негізгі/қосымша) – негізгі;

- шот валютасы – теңге;

-  әрекет ету мерзімі – 36  ай; 

- төлем карточкасы бойынша жылдық қызмет көрсету үшін комиссия  – бірінші жылы 12 400/ одан кейін 6 200 теңге;

6) мәміленің жасалу күні – 2014 жылғы 5 мамыр.