Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің Басқарма құрамындағы өзгерістер туралы

22.05.2014 18:00:02

Осы арқылы «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) Банктің Директорлар кеңесінің Тағайындау, сыйақы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің ұсыныстарына сәйкес Директорлар кеңесі келесі шешім қабылдағандығын хабарлайды (2014 жылғы 20 мамырдағы № 19 шешім және 2014 жылғы 22 мамырдағы № 20 шешім):

 1.   «БТА Банкі» АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі Олеся Сеиловна Имашеваның өкілеттігін оның бастамасы бойынша 2014 жылғы 20 мамырдан бастап мерзімінен бұрын тоқтату.

  2.  2014 жылғы 20 мамырдан 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін «БТА Банкі» АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі қызметіне Ляззат Адыловна Сатиеваны сайлау. 

 3. «БТА Банкі» АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі Айнагуль Амангельдиновна Даулетбаеваның өкілеттігін оның бастамасы бойынша 2014 жылғы 22 мамырдан бастап мерзімінен бұрын тоқтату. 

4.  2014 жылғы 22 мамырдан 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін «БТА Банкі» АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі қызметіне Айгерым Кайргельдиновна Жапарованы сайлау.