Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ Жылдық акционерлердің жалпы жиналысының қорытындылары

04.06.2014 17:15:31

2014 жылғы 31 мамырда 2013 жылғы қызмет қорытындысы бойынша  «БТА Банкі» АҚ Жылдық акционерлердің жалпы жиналысы өтті.  

Аталған жиналыстың күн тәртібінде қамтылған мәселелер бойынша келесі шешімдер қабылданды:   

1.   2013 жылғы «БТА Банкі» АҚ қоса берілетін аудит жүргізілген шоғырландырылған және жекелеген (шоғырландырылмаған)  жылдық қаржылық есептілігін бекітілсін.

2.   2013 жылғы «БТА Банкі» АҚ  7 456 472 000 (жеті миллиард төрт жүз елу алты миллион төрт жүз жетпіс екі мың) теңге мөлшерінде таза кірісті келесі тәртіпте бөлу бекітілсін: 

          1) 2013 жылғы "БТА Банкі" АҚ жай акциялары бойынша дивиденттерді төлемеу және осыған байланысты "БТА Банкі" АҚ бір жай акциясы есебіне дивиденттердің мөлшерін анықтамау.

          2) 7 456 472 000 (жеті миллиард төрт жүз елу алты миллион төрт жүз жетпіс екі мың) теңгені "БТА Банкі" АҚ бөлінбеген пайда ретінде сақтау. 

3.   2013 жылғы "БТА Банкі" АҚ  және оның лауазымды тұлғалараның іс-әрекеттеріне қатысты акционерлерден үндеулердің түскендігі туралы және оларды қарастыру қорытындысы жөніндегі ақпарат ескерілсін.  

4.   "БТА Банкі" АҚ   Басқармасы мен Директорлар Кеңесінің мүшелеріне 2013 жылы сыйақы мөлшері және құрамы жөнінде ақпарат ескерілсін.