Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің 2013 жылғы қызмет қорытындылары

06.06.2014 15:54:06

Алматы, 2014 жылғы 6 маусым - БТА Банкі (әрі қарай - Банк) Банктің және БТА тобына кіретін компаниялардың (әрі қарай - Топ) 2013 жылғы қорытындылары бойынша ХҚЕС бойынша аудит жүргізілген шоғырландырылған қаржы есептілігінің деректері негізінде қызмет нәтіижелерін жариялайды.

2013 ЖЫЛҒЫ 31 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚАРЖЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Таза пайда 7,5 млрд теңгені (49 млн АҚШ долларды) құрады.

Оң таза пайыздық маржа 2012 жылғы теріс нәтижеде 30,5 млрд теңгені (200,6 млн АҚШ долларын) құрады.

Пайыздық емес кірістер 28,4 млрд теңгені (186,7 млн АҚШ долларын) құрады. Осы кірістерді негізгі құраушы комиссиялық және алым түріндегі кірістер, шетел валютасымен операциялар бойынша кірістер және сақтандыру қызметінен түскен таза кіріс болып табылады.

Пайыздық емес шығындар (2012 жылғы базалық сомамен қалпына келтіру үшін танылған облигацияларға жұмсалған шығындарды шегергенде) қызметкерлерге жұмсалатын шығындарды 7,6% азайту және басқа операциялық шығындарды 34,9% қысқарту есебінен, 2012 жылмен салыстырғанда 7,9% қысқарды.

Активтер өткен жылдың соңындағы деңгейде қалды, яғни 1 603 млрд теңгені (10,4 млрд АҚШ долларды) құрады. Активтер құрылымындағы 38,5% клиенттерге берілетін кредиттер құрайды.

Кредиттік портфель 2012 жылғы 31 желтоқсандағы деректермен салыстырғанда (4,4%) төмендеумен 616 млрд теңгені (4 млрд АҚШ долларды) құрады.

Міндеттемелер 1 323 млрд теңге (8,6 млрд АҚШ доллар). 2012 жылғы 31 желтоқсандағы деректермен салыстырғанда міндеттемелер 1,4% төмендеді. Міндеттемелер құрылымындағы 41,6% клиенттердің қаражаттары құрайды.

Клиенттердің қаражаттары 550,6 млрд теңге (3,6 млрд АҚШ доллар), соның ішінде, 75,1% - клиенттердің мерзімді салымдары. 2012 жылғы 31 желтоқсандағы деректермен салыстырғанда клиенттердің қаражаттары 2,7% артты, негізінен, бұл мерзімді салымдардың өсу есебінен мүмкін болды.

Баланстық өз капиталы 280,2 млрд теңгені (1,8 млрд АҚШ долларды) құрады. 2012 жылғы 31 желтоқсандағы деректермен салыстырғанда Банк капиталы 4,3% өсті, бұл алынған таза кіріс есебінен мүмкін болды. Капиталдың жеткіліктілік коэффициенті k2 белгіленген нормативтен 2 есе артық (норматив 10% болғанда 27,7%). 2004 жылғы Базель келісімінің ұсыныстарына сәйкес есептелген бірінші деңгейлі Капиталдың жеткіліктілік коэффициенті 24,1%.

БАҚ арналған байланыстар:

тел.: +7(727) 266 43 22
email: pr@bta.kz
www.bta.kz