Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

КАЗКОМ мен БТА Банкі банкоматтар желісін біріктіреді

26.06.2014 11:09:20

Алматы, 2014 жылғы 25 маусым - Казкоммерцбанк пен БТА Банкі 25 маусымнан бастап қос банктің карта ұстаушылары үшін қолма-қол ақша алу бойынша қосымша комиссияларды тоқтатып, өз банкоматтарын біріктіру процесін бастады.

«БТА Банкі мен Казкомның болжамды бірігуіне дейін осы екі банктің клиенттеріне ыңғайлылықты арттырып, қосымша комиссияларсыз - банкоматтар желісіне қолжетімділікті кеңейтеміз және қызметтің көрсетілуін барынша тиімді жасаймыз», - деп атап көрсетті БТА Банкінің Басқарма Төрағасы Мағжан Әуезов.

БТА Банкі мен КАЗКОМ клиенттерінің ауқымы 2,4 миллионнан астам карта ұстаушыларын қамтиды. Қос банк, осы бірігу Үкіметтің және Ұлттық Банкінің халық үшін банктік қызметтердің құнын арзандату бойынша күштері аясында клиенттерге ықпал етудің нақты қадамы болады деген сеніммен,  өзара әрекет ету, тарифтерді қайта қарау және бейімдеу бойынша маңызды жұмыс атқарды.

«БТА клиенттері үшін банкоматтардың қолжетімділігі 2,5 есеге артты. БТА желісінде Казком клиенттерімен банкоматтан қолма-қол ақша алу кезінде және керісінше комиссияларды үнемдеу бір транзакция үшін жүз теңгеден астам қаражатты құрайды», - дейді Казкоммерцбанктің Басқарушы директоры Нұрлан Жағыппаров.

Казкоммерцбанктің банкомматтар желісі 1360 құрылғыны құрайды, оның ішінде 300 - қолма-қол ақшаны қабылдау функциясымен жұмыс істейді; БТА Банкінің банкоматтар желісі - 848 құрылғыны құрайды, олар Казком желісінен ерекшелігі, географиялық жағынан кең ауқымды қамтиды: көптеген банкоматтар орташа және шағын қалалар мен кенттерде орналасқан. Бірге - бұл елдегі барлық банкоматтардың төрттен бір бөлігі.

Банк

Банкоматтар саны

КАЗКОМ

1 360

БТА

848

Жиыны

2 208

Бүгінгі статистика бойынша Қазақстандағы 87% астам карта ұстаушылар орташа есеппен айына 3-4 рет ақшаларын банкоматтар арқылы қолма-қол алады, елдегі ірі қос банктің клиенттері банкоматтар желісінің бірігуінен мол артықшылықтарға ие болады.

Байланыстар үшін:

Сергей Чикин,
Казкоммерцбанктің Қоғамдық байланыстар департаментінің БАҚ және қоғаммен жұмыс жүргізу бөлімінің бастығы
Тел.: +7(727) 258-51-05, ішкі 57611, E-mail: schikin@kkb.kz

Илья Боровой, БТА Банкінің PR және жарнама қызметінің басшысы
Тел.: +7(727) 266-43-22, E-mail: iborovoy@bta.kz

Лицензиялар: №242 («БТА Банкі» АҚ), №48 («Казкоммерцбанк» АҚ) ҚР ҚҚА берілген.