Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«РА Қазақстан Сарапшы» Рейтингтік агенттігі (RAEX) «БТА Банкі» АҚ кредиттік қабілеттілік рейтингін B+ деңгейінде және облигациялар сенімділік рейтингін B+ деңгейінде растады

18.08.2014 11:46:38

«РА Қазақстан Сарапшы» рейтингтік агенттігі (RAEX) «БТА Банкі» АҚ кредиттік қабілеттілік рейтингін B+ деңгейінде (кредиттік қабілеттілігінің жеткілікті деңгейі) және оның облигациялар (ISIN - XS0867573890/XS0867478124) сенімділік рейтингін B+ деңгейінде (сенімділіктің жеткілікті деңгейін) растады.

Рейтинг деңгейіне меншікті капиталдың жеткілікті жоғарғы деңгейі (01.01.14 ж. K1-2 = 25%, K2 = 27,7%), ірі кредиттік тәуекелдердің жоғары түрленуі, несие портфелі бойынша қорда сақтаудың тиімді деңгейі (01.01.14 ж. қорда сақтау коэффициенті мен нашар несие үлестері арасындағы дельта - 5,2 т.) оң әсер етеді. Сондай-ақ агенттік талдаушылары бағалы қағаздардың жоғарғы сапасын және банктің дамыған филиал желісін атап өтеді.

Рейтинг деңгейін шектейтін факторлар несие портфелінің жоғарғы салалық шоғырлануы, тиімділіктің теріс көрсеткіштері (2013 жылы ROA = -0,03%, ROE = -0,19%) және қабылданатын валюталық тәуекелдердің жоғарғы деңгейі (01.01.14 ж. барлық валюталар бойынша АВП- 21,5%) болып табылады. Рейтинг деңгейін төмендететін өзге факторлар өтімділік коэффициенттерінің төменгі көрсеткіштері, кепілдегі мүліктің жеткіліксіз сақтандырылмауы, сондай-ақ кадрлардың маңызды тұрақтамауы  болып табылады.

«Ағымдағы жылы банктің меншік иелері ауысты, бұл бизнес-үлгісінің ауысуына және операциялық және қаржы қызметіне байланысты тәуекелдердің өсуіне әсер етуі мүмкін. Аталмыш фактор агенттікпен теріс бағаланып отыр», - дейді «РА Қазақстан Сарапшы» Рейтингтік агенттік (RAEX) бөлімінің басшысы Жанадиар Раисова.

01.04.14 ж. ҚР ҰБ рэнкингіне сәйкес Банк активтердің мөлшері бойынша 3-орынға және ҚР ЕДБ арасында несие портфелінің мөлшері бойынша 2-орынға ие болды. ҚР ҰБ деректері бойынша банк активтері 1 551,6 млрд теңгені, меншік капиталы - 234,6 млрд теңгені құрады.

http://www.banker.kz/topic/48442-akspert-ra-kazahstan-raex-podtverdil-reiting-kr