Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Fitch БТА Банкінің рейтингін B–/B-ге көтерді

18.08.2014 17:52:02

Алматы, 2014 жылғы 18 тамыз - Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) ұлттық және шетел валютасында эмитент дефолтының ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингін (әрі қарай - ЭДР) көтерді. Осылайша, Банктің ұлттық және шетел валютасындағы ЭДР оң болжаммен B-ден CCC-ге дейін көтерілді. Өз кезегінде, Банктің ұлттық және шетел валютасындағы қысқа мерзімді ЭДР  B-ден C-ге дейін көтерілді және Rating Watch тізімінен алынды.

Сондай-ақ, Fitch агенттігі Банктің жоғары қамтамасыз етілмеген борыштық бағалы қағаздары бойынша оң болжаммен рейтингін B-/RR4-ден CCC-ге дейін көтерді. Банктің жеке рейтингі Rating Watch тізімінен алынуымен ССС деңгейінде расталды. Банкті қолдау рейтингі оң болжаммен 5 деңгейінде расталды. Банктің ұзақ мерзімді рейтингін қолдау деңгейі NF деңгейінде расталып, кері қайтарылды.

Fitch агенттігімен Банктің ЭДР және борыштық рейтингінің көтерілуі «Казкоммерцбанк» АҚ-мен Банк капиталының 46,5% үлесін сатып алуға байланысты. Банктің ұзақ мерзімді ЭДР бойынша оң болжамы Банк кредиторлары үшін тәуекелдер бірігу процесінің барысына қарай көбінесе «Казкоммерцбанк» АҚ кредиторларының тәуекелдеріне сәйкес келеді деген Fitch пікірін білдіреді.

БАҚ үшін байланыстар:

тел. +7 (727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz