Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Казком мен БТА төлемдерді жоғары сапалы өндегені үшін J.P.Morgan-ның сыйлығына ие болды

18.09.2014 15:12:28

2014 жылғы 16-шы қыркүйек, Нью-Йорк, Алматы. - Қазкоммерцбанк пен БТА Банк төлемдерге жоғары сапалы қызмет көрсеткені үшін американың ең ірі банкі J.P.Morgan-нан беделді халықаралық банктік марапатына ие болды.

J.P.Morgan (АҚШ) коммерциялық инвестициялық банкі Қазкоммерцбанк пен БТА Банкіне 2013 жылғы қызметтерінің нәтижесі бойынша қаражат аударымдары жөнінде қаржылық операцияларды тиянақты және қатесіз орындағаны үшін «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» (Quality Recognition Award) сыйлығын берді.


Аталған марапатқа Казком мен БТА J.P.Morgan корреспондент-банк арқылы жіберілген SWIFT жүйесінде MT103 түріндегі қаржы операцияларын сапалы орындағаны үшін ие болды. Деректер бойынша, 2013 жылы Казком мен БТА арқылы өткен сондай транзакциялардың 97,72% және 99,15% -ы толығымен автоматтандырылған түрде бір қатесіз және кідіріссіз өткізген. Аталған көрсеткіштер бұл қаржы институттарында клиенттік қызмет көрсету дәрежесінің жоғары екенін айқындайды.


Жоғарыда айтылғандай, бұл марапат операциялардың сапалы әрі тиянақты өткізілгені үшін және АҚШ долларында халықаралық төлемдерді өткізуде қаржы институттарында қамсыздандырылған стандарттарды ұстанғаны үшін берілген. Операциялардың өзіндік құны үлкен мағынаға ие болған жағдайда, тікелей есептесудің сапасы мен жылдамдығы банктер мен олардың клиенттері арасында жемісті ынтымақтастығының маңызды жасаушысы болып табылады.


Сонымен, бүгінгі күні екі банктің бірігуінен кейін, үздік тәжірбиелер, технологиялар мен мамандарының біріккенің арқасында клиенттерге қызмет көрсету сапасы жоғарғы дәрежеде сақталады деп ойламыз, әрі мұның өзі біріккен әмбебап банктің бәсекедегі салмақты артықшылықтарының бірі болмақ.


J.P.Morgan Chase Bank NA 1997 жылдан бері жыл сайын электрондық іріктеу арқылы әлем бойынша корреспондент-банктердің арасынан үздік серіктесті таңдайды. Бұл марапаттар SWIFT жүйесінде төлемдерді тиісті рәсімдеу арқылы транзакциялардың өтпелі өндеуде жақсы жетістікке жеткені үшін банк клиенттеріне беріледі.


Анықтама үшін:
J.P.Morgan J.P.Morgan Chase & Co. (NYSE: JPM) тобына кіреді. J.P.Morgan Chase & Co. (NYSE: JPM) - активі және әлем бойынша операциялары 2,4 триллион АҚШ долларын құрайтын жетекші ғаламдық қаржы корпорациясы. Корпорация инвестициялық-банктік, заңды және жеке тұлғаларға, шағын бизнеске, коммерциялық банктерге қаржы қызметін көрсету, қаржылық операцияларды өткізу бойынша қызметтер мен активтер мен жеке инвестицияларды басқару салаларында көшбасшы. JPMorgan Chase & Co. акциялары Dow Jones Industrial Average индексіне қосылған. Корпорация әлем бойынша миллиондаған клиенттерге қызмет көрсетеді. Олардың көбісі әлемнің жетекші компаниялары мен мемлекеттік институттары болып табылады.


«Қазкоммерцбанк» АҚ Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі банктердің бірі болып табылады. Банктің 2014 жылғы 31 наурызға активтері 2 779 млрд. теңгені құрады.
Банк зейнетақылық қамтамасыз ету, зейнетақы және қаржы активтерін басқару, сақтандыру және брокерлік қызмет көрсету салаларында қызмет ететін еншілес компанияларға ие. Сонымен
қатар Банктің Ресей Федерациясында, Тәжікстан Республикасы мен Қырғыз Республикасында еншілес банктері бар. Банктің ірі қатысушылары: «Орталық-Азиялық инвестициялық компания» АҚ, Н.С. Субханбердин мырза, «Alnair Capital Holding» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі.
Банктің акциялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың (KASE) ресми тізіміне енгізілген. Негізгі активтері болып банк акциялары табылатын жаһандық депозитарлық қолхаттар (ЖДҚ) Лондон қор биржасының (ЛҚБ) листингінде орналастырылған. Банк ТМД банктерінің қатарында бірінші болып 2006 жылғы қарашада 845 млн. АҚШ доллары сомасына Лондон Қор Биржасында ЖДК нысаны бойынша IPO аяқтады.


«БТА Банк» АҚ - қазақстандық ірі банктерінің бірі. Банк 2014 жылғы маусымда Қазкоммерцбан пен К.Ракишев инвесторларының консорциумымен мемлекеттік «Самұрық-Қазына» қорына тиесілі БТА жай акцияларының 93% сату нәтижесінде жекешелендіріліді. Қазіргі күні банктің жаңа акционерлерінің әрқайсысына БТА жай акцияларының 46,5% тиесілі. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» қорындағы БТА жай акцияларының 4,26% Қазкоммерцбанкке сенімді басқаруға берілген. Банктің клиенттік қоры 646,2 мыңға жуық жеке және 77,9 мыңға жуық корпоративтік клиенттерінен құралад. Банктің Қазақстан бойынша 19 филиалы мен 174 бөлімшесі бар.
2013 жылы БТА тобының таза пайдасы 7,5 млрд теңгені құрады (ҚЕХС бойынша шоғырландырылған аудиттелген есептің деректеріне сәйкес). Топтың активтері 2012 жылдың соңындағы дәрежеге сәйкес келіп, 1 608 млрд теңгені құрады. Топтың меншікті капиталы 4,3% ұлғайып, 280,2 млрд теңгеге жетті.



Байланыс үшін:
Меруерт Бердыбаева
Қазкоммерцбанктің бұқарамен байланыс департаменті
Тел.: 2585-105, ішкі 57617, E-mail: mberdybayeva@kkb.kz


Илья Боровой, Байланыс қызметінің жетекшісі
БТА Банкінің байланыс қызметі
Тел.: +7(727) 266-43-22, E-mail: iborovoy@bta.kz