Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуі туралы

22.09.2014 16:43:53

Осы арқылы «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) 2014 жылғы 02 ақпаннан 2014 жылғы 01 тамызға дейінгі есептік кезең бойынша Банк акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бекітілгендігін хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау комитетімен (әрі қарай - уәкілетті орган) акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекітуі туралы ақпарат:

1.      бағалы қағаздардың шығарылымын тіркеген мемлекеттік органның атауы, бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау комитеті, 2013 жылғы 07 қазан;

2.      шығаруға жарияланған бағалы қағаздардың түрі, саны, бағалы қағаздарға берілген ұлттық сәйкестендіру нөмірі: 586 242 659 210 дана жай акциялар, ҰСН - KZ1C34920013;

3.      облигациялар шығарылған жағдайда қосымша номиналды құны, айналым мерзімі және өтеу тәртібі, олар бойынша кірісті төлеу тәртібі және мерзімі көрсетіледі, ковенанттар және (немесе) олардың шығарылымы проспектісінде көрсетілген өзге шектеулер: қолданылмайды;

4.      жарияланған бағалы қағаздар санын арттыру: жарияланған бағалы қағаздар санын арттыру бойынша бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді мемлекеттік тіркеу күні, жарияланған бағалы қағаздар санын арттыру туралы шешім қабылданған күн және осы шешімді қабылдаған акционерлік қоғам органы, бағалы қағаздардың түрлері бойынша бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне тиісті өзгерістерді мемлекеттік тіркегеннен кейін жарияланған бағалы қағаздар саны: қолданылмайды;

5.      бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешімді қабылдау күні: акциялар есептік кезең ішінде орналастырылған жоқ;

6.      бағалы қағаздарды орналастырудың басталған күні, орналастырылатын бағалы қағаздардың санын және орналастыру тәсілін көрсетумен бағалы қағаздарды орналастыру шарттары: акциялар есептік кезең ішінде орналастырылмады;

7.      бағалы қағаздарды орналастырудың аяқталу күні (орналастырудың есептік кезеңін көрсетумен), бағалы қағаздарды өтеу күні: акциялар есептік кезең ішінде орналастырылмады  (есептік кезең - 2014 жылғы 02 ақпаннан бастап 2014 жылғы 01 тамызға дейін);

8.      есептік кезеңде орналастырылған (өтелген) бағалы қағаздардың санын және түрін көрсетумен бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту күні: 2014 жылғы 10 қыркүйек, акциялар  есептік кезең ішінде орналастырылмады;

9.      есептік кезеңде бағалы қағаздарды ұстаушылардан акционерлік қоғаммен сатып алынған бағалы қағаздардың саны және түрі: 0 акция;

10.  есептік кезеңде акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы мәлімет: есептелмеді және төленбеді;

11.  жою негіздемесін көрсетумен бағалы қағаздардың шығарылымын жою күні: қолданылмайды.

Аталмыш ақпаратпен http://www.bta.kz/ru/investor/shinfo/statemis/rep мекен - жайында танысуға болады.