Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Қазкоммерцбанк және Кеңес Ракишев «БТА Банк» АҚ акционерлерінен жай акциялардың бөлігін сатып алуы жөніндегі аралық қорытындыны жариялайды

23.09.2014 11:05:00

2014 жылғы 23-ші қыркүйек, Алматы - «Қазкоммерцбанк» Акционерлік қоғамы (ҚКБ) және жеке кәсіпкер Кеңес Ракишев «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы 25-ші бабының 3-ші тармағына сәйкес, 2014 жылғы 29-шы шілдесінде жарияланған «БТА Банк» АҚ (БТА) жай акцияларын сатып алудың аяқталғаны жайында хабарлайды.

Келіп түскен өтініштер мен атқарылған бұйрықтардың нәтижесі бойынша миноритарлық акционерлерден әр жай акцияның құны 0,24162 теңгені құрайтын БТА жай акциялардың 11 783 301 082 данасы сатып алынды. Олардың ішінде 11 777 418 751 данасы ҚКБ сатып алса, 5 882 331 данасы Ракишев мырзаға тиесілі.

Ертеде қол жеткізілген мәмілелерге сәйкес, БТА-ның миноритарлық акционерлерден сатып алынған акциялардың барлығы ҚКБ мен Ракишев мырза арасында бірдей данаға бөлінетін болады (бір жай акцияның құны 0,24162 теңге).

Барлық сатып алулалар аяқталған соң БТА-ның жай акцияларын ұстаушылардың - акионерлердің құрамы төмендегідей болады деп күтілуде:

Акционерлері

Сатып алуға дейін

Сатып алған соң

Сатып алынған акциялар бөлінгеннен кейін үлестердің болжамы

Саны

Үлесі

Саны

Үлесі

Саны

Үлесі

Қазкоммерцбанк

298 295 649 240

46,5%

310 073 067 991

48,33%

304 187 299 781

47,415%

Кеңес Ракишев

298 295 649 240

46,5%

298 301 531 571

46,5%

304 187 299 781

47,415%

Самұрық-Қазына*

27 351 461 050

4,26%

27 351 461 050

4,26%

27 351 461 050

4,26%

Миноритарийлер

17 553 118 580

2,74%

5 769 817 498

0,91%

5 769 817 498

0,91%

Нәтижесінде:

100%

100%

100%

* «Самұрқ-Қазына» ҰӘАҚ АҚ жеке меншігіндегі БТА-ның акциялары ҚКБ сенімді басқаруға берілген.
Байланыс үшін:

Әлия Нұрсипатова, Алма Бұйрақұлова, Қаржы институттары департаменті
тел.+7 (727) 258-51-25, E-mail: investor_relations@kkb.kz
Лариса Коковинец, Бұқарамен байланыс департаментінің директоры
тел.: +7 (727) 258-54-56, 258-53-92, E-mail: pr@kkb.kz