Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы ХАБАРЛАМА

02.10.2014 11:03:22

«БТА Банкі» Акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, (2014 жылғы «02» қазандағы №39 шешім) Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес «БТА Банкі» АҚ кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысын шақыратындығын хабарлайды.

 

Кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысын шақыру бастамашысы «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады.

 

            «БТА Банкі» АҚ кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысы 2014 жылғы «03» қарашада сағат 10:30, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал - 2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, «Блок, А2», мәжіліс залы, 2-ші қабат мекенжайы бойынша өткізіледі. Акционерлерді тіркеу сағат 09:00 басталады.

 

«БТА Банкі» АҚ кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқылы Акционерлердің тізімі 2014 жылғы 20 қазандағы сағат 00:00 жағдай бойынша құрастырылады.

 

«БТА Банкі» АҚ кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:

1.    «БТА Банкі» АҚ кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен бекітілген «БТА Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшерін, төлеу және шығындарды өтеу шарттарын белгілеу туралы ережелерге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту жөнінде».

2.      «БТА Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшерін анықтау жөнінде

3.      «БТА Банкі» АҚ Санақ комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу жөнінде

4.      2014 жылға «БТА Банкі» АҚ шоғырландырылған және жекелеген қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды анықтау жөнінде

 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерін кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысының жұмысына қатысуға шақырамыз. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі және өткізу мәселелеріне қатысты ақпаратпен және материалдармен келесі телефондар арқылы танысуға болады: +7 (727) 2 66 72 54; +7 (727) 2 66 72 69, e-mail: o_pitulova@bta.kz

 

            Кворум жиналмаған жағдайда, Акционерлердің жалпы жиналысы 2014 жылғы «04» қараша күні сағат 10:30, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал - 2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, «Блок, А2», мәжіліс залы, 2-қабат мекенжайы бойынша қайта өткізіледі.  Акционерлерді тіркеу сағат 09:00 басталады.

 

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заң талаптарына сәйкес Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге акциялары номиналды иеліктегі және Орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде мәліметтері тіркелмеген меншік иесіне тиесілі акционерлер жіберілмейді.

Кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысына қатысу үшін жеке-тұлға - акционерлердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Акционерлердің өкілдері - жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхаты  және өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. Заңды тұлға - акционерлердің өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шарттарға сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін ұсынуға құқылы тұлға үшін қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге сенімхат талап етілмейді.

Заңды тұлға-акционерлер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» заңының 17-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес олардың акционерлерімен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» заңының аталмыш нормаларының талаптарын орындауы туралы өтініш ұсынуы тиіс.

 

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Директорлар кеңесі «БТА Банкі» АҚ акционерлеріне «қолдау» нұсқасымен дауыс беруді ұсынады.

 

Байланыстар үшін:

«БТА Банкі» АҚ  Корпоративтік хатшының көмекшісі

 Питулова Ольга Владимировна

+7 (727) 266-72-69, E-mail: o_pitulova@bta.kz