Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Жасалуына мүддесі бар мәмілені жасау туралы

13.10.2014 16:53:53

Осы арқылы, «БТА Банкі» АҚ 2014 жылғы 2 қазанда «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесімен жасалуына мүддесі бар мәмілені, соның ішінде Қызметкермен еңбек міндеттемелерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан оны міндетті сақтандыру шартын жасау туралы шешім қабылданғандығын хабарлайды:

Акционерлік қоғамның жасалуына қоғамның мүддесі бар  мәміленің жасалуы туралы ақпарат

1) Директорлар кеңесімен мәмілені жасау туралы шешімнің қабылданған күні - 2014 жылғы 2 қазан;

2) сақтандыру сыйлықақысы - 3 851 853 теңге;

3) мәміле мәні болып табылатын мүліктің соңғы бағалау күні - қолданылмайды;

4) мәміле мәні болып табылатын мүліктің осы акционерлік қоғам активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы - 0,0002%;

5) мәміленің негізгі маңызды шарттары:

Сақтандыру объектісі - зақымданған қызметкердің кінәсінен немесе оның кінәсінен тыс кәсіптік еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесін белгілеуге немесе оның өліміне алып келген жазатайым оқиға салдарынан қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген қызметкердің мүліктік мүддесі;

Шарттың әрекет ету мерзімі - 12 ай.

6) мәміленің жасалған күні - 2014 жылғы 6 қазан.