Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ Кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы Хабарлама

26.11.2014 15:38:27

«БТА Банкі» Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі (әрі қарай-Банк), орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, 2014 жылғы «26» қарашада өткен отырыста Банктің акционерлердің жалпы жиналысын шақыратындығы туралы шешім қабылдады.

                   Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2014 жылғы «26» желтоқсанда Алматы уақыты бойынша 11 сағат 00 минутта, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ. 34 мекенжайы бойынша өтеді. Банк акционерлерін тіркеу 2014 жылғы «26» желтоқсанда 10 сағат 30 минутта басталады. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілмеген деп танылған жағдайда, жиналыс 2014 жылғы «27» желтоқсанда 11 сағат 00 минутта Алматы қ., Әл-Фараби даңғ. 34  мекенжайы бойынша қайта өткізіледі. Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2014 жылғы «26» қарашада Банктің акция ұстаушыларының тізілім жүйесіндегі деректер негізінде құрылады.

Кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:

(1)  Кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.

(2)  «Казкоммерцбанк» АҚ және «БТА Банкі» АҚ нысаналы үлгісін және бірігу шарттарын бекіту;

(3)  GDR ерікті делистинг туралы шешімді қабылдау, оның негізгі активтері Люксембург қор биржасында «БТА Банкі» АҚ шығарылған (эмитенттелген) жай акциялар болып табылады.

(4)  «БТА Банкі» АҚ жай акцияларын сатып алу талаптарын және тәртібін мақұлдауға  Директорлар Кеңесінің ұсыныстарын мақұлдау.

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі және өткізу мәселелеріне қатысты материалдар акционерлерге жиналысты өткізу күніне дейін он күн бұрын танысу үшін келесі  мекенжай бойынша ұсынылады: Алматы қ., «Самал - 2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, «Блок, А1», 5-ші қабат. телефон +7 (727)2 66-72-54.

            Банктің  жай  акциялары  негізгі  активтері  болып  табылатын  акционерлер-депозитарлық

қолхаттарды  ұстаушылар  Банк  Акционерлерінің  кезектен  тыс  Жалпы  жиналысына  қатысу  үшін

2014  жылғы  «19»  желтоқсанға дейін  The  Bank  of  New  York-ке  төмендегі  мәліметтерді  ұсынуы қажет:

- меншік иесі - жеке тұлғаның Т.А.Ә./меншік иесі - заңды тұлғаның атауы;

-  акциялардың меншік иесінің азаматтығы берілген/тіркелген елі, акциялардың меншік иесінің

жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері;

меншік иесіне тиесілі акциялардың саны;

өз  өкілінің  Банк  акционерлерінің  жылдық  жалпы  жиналысына  қатысуына  және  Күн

тәртібінің мәселелері бойынша дауыс беруіне уәкілеттік беретін сенімхат.

Банк Акционерлерге төмендегілер туралы қосымша хабарлайды:

(1)  мәліметтері  Қазақстанның  Орталық  депозитарийіндегі  есепке  алу  жүйесіне  енгізілмеген

меншік  иесіне  тиесілі  және  номиналды  ұстаудағы  акциялар  «Акционерлік  қоғамдар

туралы» Заңға сәйкес дауыс беруші акция ретінде танылмайды.

(2)  «Қазақстан  Республикасындағы  банктер  және  банктік  қызмет  туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 5 және 5-1 тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы қаржы  нарығын  және  қаржы  ұйымдарын  реттеу  мен  қадағалау  агенттігі  (бұдан  әрі  -«ҚҚА») Басқармасының 2008 жылғы 02 қазандағы №145 Қаулысымен бекітілген, банктік

және сақтандыру қызметі, бағалы  қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметі

және бағалы қағаздар нарығындағы басқа да лицензияланатын қызмет түрлері мақсатында,

жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі мен акционерлік инвестициялық қорлардың

қызметі  мақсатында,  Оффшорлық  аймақтар  тізіміне  енетін,  оффшорлық  аймақтарда

тіркелген заңды тұлғалар немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген үлестес тұлғалары бар

заңды  тұлғалар  немесе  оффшорлық  аймақтарда  тіркелген  заңды  тұлғалардың

қатысушылары  (құрылтайшылары,  акционерлері)  болып  табылатын  жеке  тұлғалар  Банк Акционерлерінің Жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейді.

Для контактов:

Сахиль Дугашев, корпоративный секретарь

тел.:+7 (727) 2 66-72-54, E-mail: sdugashev@bta.kz

Ольга Питулова, помощник корпоративного секретаря

тел.:+7 (727) 2 66-72-54, E-mail: opitulova@bta.kz

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Директорлар кеңесі «БТА Банкі» АҚ акционерлеріне «қолдау» нұсқасымен дауыс беруді ұсынады.