Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен мемлекеттік тіркеу туралы

11.12.2014 17:29:26

Осы арқылы, «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) эмитент органы құрамының өзгеруіне байланысты Банк акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен мемлекеттік тіркеу және Банктің дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) он және одан артық пайызына ие акционерлер (қатысушылар) құрамының өзгеруі туралы хабарлайды.

1) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістер енгізу үшін негіздеме болып табылатын эмитент органымен шешім қабылдау күні, шешім қабылдаған органның атауы: 2014 жылғы 31 қазан, Директорлар кеңесі.

2) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне енгізілген өзгерістердің мазмұны (мәні):

- эмитент органы құрамының өзгеру мәні: органның құрамынан шығарылған тұлғаның тегі, аты және болған жағдайда, әкесінің аты, органның құрамына сайланған (тағайындалған) тұлғаның тегі, аты және болған жағдайда, әкесінің аты: жаңа мерзімге Банк Басқармасының келесі мүшелері сайланды:

1) Басқарушы директор - Басқарма мүшесі Романюк Виктор Федорович;

2) Басқарушы директор-Басқарма мүшесі Ахметкалиева Жулдыз Сериккалиевна..

- эмитенттің акционерлер (қатысушылар) құрамының өзгеру мәні: мәміле жасау нәтижесінде Банктің дауыс беретін акцияларының он және одан артық пайызына ие акционерлері (қатысушылары) болып табылады: «Казкоммерцбанк» АҚ - 47,4184 % және Ракишев К.Х. - 47,4184 %.