Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Қазкоммерцбанк пен БТА Банк реттеушілердің экономиканы тұрақтандыру бойынша Бірлескен мәлімдемесін қолдайды

25.12.2014 10:22:05

2014 жылғы 25-ші желтоқсан, Алматы қ. – Қазкоммерцбанк пен БТА Банк өз клиенттеріне 2015 жылға экономикалық саясатының негізгі бағыттары жөнінде үкімет пен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Бірлескен мәлімдемесіне аса маңызды назар аударған жөн деп санайды.

Қазіргі уақытта орын алған тұрақсыз геосаяси жағдай мен экономикалық өсудің баялаулаған кезінде үкімет пен Ұлттық банктің Бірлескен мәлімдемесінде қолданылған шаралар субъектілері қаржы институттары мен оның клиенттері болып табылатын еліміздің экономикасына жағымсыз сыртқы факторлардың әсерін азайтуға бағытталған.

Реттеушілердің макроэкономикалық көрсеткіштерін жағымды жағдайда сақтау үшін, сондай-ақ қаржылық тұрақтылық пен банктік секторын сауықтыру үшін қолданған шаралары жағымсыз болжамдарды, нарық қатысушыларының, ел тұрғындарының қауіптерін және белгісіздіктерді жоюға мүмкіндік береді және де олардың ұлттық валюта мен банктік жүйеге деген сенімін арттырады.

Экономика секторын қолдау бойынша Мәлімдемеде көрсетілген келесі факторлар клиенттер үшін өзекті деп санаймыз:

  • теңгенің айырбас бағамының шұғыл ауытқуын болдырмау;
  • теңгенің өтемділігін арттыру;
  • валюталық салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің 3%-ға дейін төмендетілуі;
  • ЕО-ға экспорттаушылар үшін қолданылатын мөлшерлемелерден (шетелдік валютада 2-3%) аспайтын мөлшерлемелер бойынша сауда және экспорттық қаржыландыру тетіктерінің әзірленуі;
  • теңгедегі жинақтарды ынталандыру мақсатында салымшыларға кепілдік берілетін, «Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ теңгедегі депозиттер бойынша төлейтін сомасы капиталдандыруды ұлғайта отырып, 5 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейін ұлғайтылуы;
  • шағын және орта бизнесті, сондай-ақ ірі кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдікті кредиттеу және жағымды салық тәртібін ұсына отырып қолдау;
  • халықаралық қаржы ұйымдары мен қосымша мемлекеттік субсидиялар тарапынан ШОБ-ті қаржыландыру бағдарламаларын кеңейту;
  • проблемалық займдарды азайту және жұмыс жасамайтын активтерді басқару бойынша шараларды қолдау.

Реттеушілердің экономиканы тұрақтандыру бойынша қолданылатын шаралары мен сыртқы ахуалдарға қарсы әрекеттерін қолдай отырып, Қазкоммерцбанк пен БТА Банк және олардың клиенттері елде кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті, индустриалды-инновациялық дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іс-жүзіне асыруға белсенді қатысып, іскерлік ахуалды сақтауға тырысады.