Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ Акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысының дауыс беру қорытындылары туралы

26.12.2014 17:12:07

«Казкоммерцбанк» АҚ және «БТА Банк» АҚ акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындысы туралы хабарлайды

       2014 ж. «26» желтоқсан, Алматы, - бүгін «Казкоммерцбанк» АҚ (ККБ) және «БТА Банк» АҚ (БТА) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналыстары өтті. Аталған бас қосуларда әр банктің дауыс беруші жай акцияларының жалпы санынан 99.54%  (ККБ бойынша) және 99.82% (БТА бойынша) акцияларға иелік ететін акционерлер қатысты.

 Екі банктің акционерлері ККБ мен БТА бірігуінің мақсатты үлгісін бас банк (ККБ) пен еншілес банк (БТА) арасында активтер мен міндеттемелерді Тапсыру нысанында бекітті, бұл мақсатқа жету үшін бірқатар талаптар орындалу қажет: ҚР заңнамасына қажетті өзгертулер енгізу; БТА-ның сыртқы міндеттемелерін ККБ-ға аудару немесе өтеу; БТА мен ККБ-нің Тапсырылуы тиіс активтерін тәуелсіз бағалау; БТА мен ККБ директорлар кеңестерінің Тапсыруды жүзеге асыру туралы шешім шығаруы; Ұлттық Банктің келісімін алу. Осыған қоса акционерлер Тапсыру жүргізілгеннен кейін банктік лицензиясын өткізу арқылы БТА-ны банктік жүйеден шығару және Тапсыру жүргізілгеннен кейін ККБ мен БТА-ның бұдан әрі бөліну жоспарларын мақұлдады.

Тапсыру кідіртпелі талаптар орындалғаннан кейін, шамамен 2015 жылдың 1 тоқсанында жүзеге асырылады. БТА-ның кредиторлар мен депозиторлар алдындағы барлық міндеттемелері, сонымен қатар БТА активтерінің бір бөлігі ККБ-ға өтеді деп жоспарлануда. БТА өз клиенттері алдындағы міндеттемелерін Қазкомға тапсырғанға дейін осындай міндеттемелерді толық және уақтылы орындау БТА тарабынан жүзеге асырылатын болады. Тапсыру жүргізілгеннен кейін ККБ БТА-дан алынатын клиенттер алдындағы міндеттемелерді толық көлемінде, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес және БТА-ның өз клиенттерімен жасалған шарттарымен белгіленген барлық талаптарды сақтай отырып орындайды.

ККБ мен БТА-ның жай акциялары мен ҒДҚ делистингі мәселесі жөнінде, қосымша ақыл-кеңестер жүргізуден кейін және ККБ директорлар кеңесінің ұсынысы бойынша акционерлер, акционерлердің инвестициялық стратегияларына ықпал етуі мүмкін шұғыл делистинг жөніндегі шешімді қабылдау қажеттілігін ескерусіз, екі банктің акционерлері бірігу мәселесі бойынша шешім қабылдауы үшін аталған мәселені қарауды кейінге қалдыруды  жөн көрді.

Осылайша, ККБ акционерлері ККБ-ның Лондон қор биржасындағы жай акциялары негізгі активі болып табылатын ККБ-нің «Қазақстан қор биржасы» АҚ және GDR шығарған жай акцияларының ерікті делистингі жөніндегі шешімді қабылдаған жоқ. БТА акционерлері БТА-ның Люксембург қор биржасындағы жай акциялары негізгі активі болып табылатын GDR ерікті делистингі туралы осыған ұқсас шешімді қабылдамады.

Қабылданған шешімдерді ескере отырып, ККБ акционерлері ККБ директорлар кеңесіне ККБ-нің жай акцияларын сатып алу талаптары мен тәртібін мақұлдауды ұсынбауға ұйғарды.

БТА акционерлері БТА директорлар кеңесіне БТА-ның жай акцияларын сатып алу талаптары мен тәртібін мақұлдау жөнінде ұсыныс жасады. Акционерлердің талабы бойынша акцияларды сатып алу БТА акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген «БТА Банк» АҚ орналастырылған акцияларын сатып алу ережелеріне сәйкес анықталатын баға бойынша заңнамамен қарастырылған тәртіпте және мерзімдерде жүргізіледі.