Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Акционерлердің талабы бойынша «БТА Банкі» АҚ жай акцияларын сатып алу туралы

06.01.2015 17:47:35

«БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк немесе БТА) 2015 жылғы 05 қаңтарда Банктің Директорлар кеңесі акционердің талабы бойынша Банктің жай акцияларын сатып алу шарттарын және тәртібін анықтау туралы шешім қабылдағандығын хабарлайды.

2014 жылғы 26 желтоқсанда БТА акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (әрі қарай - «АКЖЖ»)  негізгі банк («Казкоммерцбанк» АҚ, әрі қарай - ККБ) және еншілес банк (БТА) арасында активтер мен міндеттемелерді өткізу түрінде ККБ мен БТА бірігуінің мақсатты моделін бекітті. Сонымен қатар акционерлер активтер мен міндеттемелерді өткізу және ККБ мен БТА-ның одан әрі бірігуі аяқталғаннан кейін банктік лицензияны өткізу арқылы БТА-ны банктік жүйеден шығару бойынша жоспарларды мақұлдады.

БТА акционерлері БТА-ның Директорлар кеңесіне акционердің талабы бойынша БТА-ның жай акцияларын сатып алу шарттарын және тәртібін мақұлдауды ұсынды.

«Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 27-бабына (Акционердің талабы бойынша орналастырылған акцияларды сатып алу) және БТА акционерлерінің жалпы жиналысымен 2007 жылғы 22 ақпанда бекітілген «БТА Банкі» АҚ орналастырылған акцияларды сатып алу ережелеріне (2013 жылғы 14 ақпандағы өзгерістерімен) (әрі қарай - Ережелер) сәйкес Директорлар кеңесі акционерлердің талабы бойынша БТА-ның жай акцияларын сатып алудың келесі шарттарын және тәртібін мақұлдады:

  1. Сатып алу негіздемесі - акционердің талабы бойынша (егер талап қойылса);
  2. Талап қою мерзімі - 2015 жылғы 26 қаңтарды қоса алғанда (2014 жылғы 26 желтоқсанда АКЖЖ шешім қабылдаған күннен бастап 30 күн);
  3. Сатып алу құны - Ережелердің 4-бабына сәйкес (Акционердің талабы бойынша орналастырылған акцияларды сатып алу), соңғы орналастыру құны (бір акция үшін 0,30 теңге) және сатып алу күніндегі акцияның баланстық құны арасындағы орташа баға ретінде анықталады. Банк акцияның баланстық құнын анықтау үшін есептік күн ретінде 2014 жылғы 31 желтоқсанды белгіледі. Сатып алу бағасын Банк анықтайды және 2015 жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей акционерлерге хабарлайды. Банк сатып алу бағасы бір акция үшін 0,23 теңгеден 0,25 теңгеге дейін болады деп күтеді. Егер Банктің жылдық қаржылық есептілігінің аудит қорытындысы бойынша 2014 жылғы 31 желтоқсанда акцияның баланстық құны  акцияларды сатып алу күні Банк анықтаған баланстық құннан жоғары болса, онда Банк акционерге айырманы төлейді, ал егер баланстық құны төмен болса, онда жүргізілген сатып алу өзгеріссіз қалады;
  4. Талап қою - одан әрі көрсетілген тәртіпке сәйкес;
  5. Бір акция үшін есеп-айырысу - талап қойған күннен бастап 30 күннен кешіктірмей, бірақ «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ (әрі қарай - БҚБТ) БТА шотына сатып алынған акцияларды есептеу туралы бұйрықтың орындалуынан ерте емес.

БТА-ға тиесілі акцияларды және/немесе базалық активі БТА шығарған (эмитациялаған) жай акциялар болып табылатын ғаламдық депозитарлық қолхаттарды сатып алу туралы БТА акционерлерімен талап қою тәртібі

Банктің акцияларды сатып алуы Ережелермен көзделген құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Ережелер Банктің www.bta.kz/files/u1/rules14_02_13kz.doc
веб-сайтында орналастырылған. Ережелердің қағаз жүзіндегі көшірмесін алуға ниетті акционерлер Алматы қ., Самал-2 ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97 мекенжайында орналасқан Банктің бас офисіне немесе Банктің келесі филиалдарының біріне хабарласа алады:

Филиалдың атауы

Филиалдың орналасқан жері

Облыс

Қала, көше, үй

Ақтөбе филиалы

Ақтөбе облысы

Ақтөбе қ., Әбілқайырхан д-лы, 51

Алматы филиалы

Алматы облысы

Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 55

Шығыс Қазақстан филиалы

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қ., М. Горький к-сі, 21/1

Атырау филиалы

Атырау облысы

Атырау қ., Құлманов к-сі, 23

Жамбыл филиалы

Жамбыл облысы

Тараз қ., Желтоқсан к-сі, 75

Жезқазған филиалы

Қарағанды облысы

Жезқазған қ., Титов к-сі, 20

Қарағанды филиалы

Қарағанды облысы

Қарағанды қ., Алиханов к-сі, 11а

Қызылорда филиалы

Қызылорда облысы

Қызылорда қ., Ы.Жақаев к-сі, 53

Көкшетау филиалы

Ақмола облысы

Көкшетау қ., Бауыржан Момышұлы к-сі, 21

Қостанай филиалы

Қостанай облысы

Қостанай қ., әл-Фараби д-лы, 114

Маңғыстау филиалы

Маңғыстау  облысы

Ақтау қ., №14, 63-үй

Павлодар филиалы

Павлодар облысы

Павлодар қ., Академик Бектұров к-сі, 22

Солтүстік Қазақстан филиалы

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қ., Е.Брусиловский к-сі, 60 а

"Семей" Филиалы

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қ., Уранхаев к-сі, 53

Талдықорған филиалы

Алматы облысы

Талдықорған қ., Абылайхан к-сі, 158

Батыс Қазақстан филиалы

Батыс Қазақстан облысы

Орал қ., Қасым Аманжолов к-сі, 69/1

"Астана" Филиалы

Ақмола облысы

Астана қ., Сейфуллин к-сі, 27

Оңтүстік Қазақстан филиалы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шымкент қ., Тәуке-хан д-лы, 82

Екібастұз филиалы

Павлодар облысы

Екібастұз қ., Строительный к-сі, 91

Өздеріне тиесілі акцияларды сатып алу туралы талап беруге ниетті акционерлер Ережелердің №1 Қосымшасында көзделген нысанға сәйкес Өтінішті толтырады.

Өтініш 2015 жылғы 26 қаңтар жұмыс күні аяқталғанға дейін Банктің бас офисінде және жоғарыда аталған филиалдарда қабылданады. Егер Өтініш жабық хатқалтада ұсынылса, онда хатқалтада: «Акцияларды сатып алуға өтініш» белгісі болуы шарт. Қажетті мәліметтер жазылмаған немесе белгіленген мерзімді бұзумен ұсынылған өтініштерді қабылдаудан бас тартылуы мүмкін.

Өздеріне тиесілі акцияларды сатып алуға Өтініш берген Банк акционерлері Банкпен акция бағасы [жарияланған] күннен бастап [бес]  күн ішінде Банкке қол қойылған Акцияларды сатып алу-сату шартын және Ережелердің 7-тармағында қарастырылған өзге құжаттарды ұсынуы тиіс.

Сатып алынатын акциялар құнын төлеу Ережелермен қарастырылған құжаттарды ұсынған және Банктің дербес шотына акцияларды есептеген жағдайда, тиісті Өтінішті алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.

Әрбір акционер рұқсаттарды, мақұлдауларды өз уақытында алу және акцияларды сату үшін өзге әрекеттерді (БҚБТ талап етілетін құжаттарды және акцияларды есептен шығару және есепке алу үшін қажетті мәліметтерді ұсынуды қоса алғанда) жүзеге асыру үшін, сондай-ақ, кез келген комиссияларды, алымдарды және салықтарды төлеу үшін дербес жауап береді.

Қазақстан Республикасының резиденттері емес акционерлерге төлем Қазақстан Республикасының Салық кодексінің талаптарына сәйкес төлем көзінен салықты ұстап қалу арқылы жүзеге асырылады. Төлем көзінен салықты ұстап қалу мәселелері бойынша қосымша ақпарат Банктің www.bta.kz веб-сайтында қосымша орналастырылады.

Базалық активі Банк акциялары болып табылатын ғаламдық депозитарлық қолхаттарды (әрі қарай - ҒДҚ) ұстаушылар да өздеріне тиесілі акцияларды сатуға талап қоя алады. Мұндай құқықты іске асыру үшін ҒДҚ ұстаушылары қосымша нұсқаулықтарды ҒДҚ депозитарийі болып табылатын «Бэнк оф Нью-Йорк Меллон» (The Bank of New York Mellon) (әрі қарай - Депозитарий)  drglobaltransactions@bnymellon.com электрондық пошта арқылы алуына болады. Қазақстан Республикасының резидент емес ҒДҚ ұстаушыларына төлем, төлем жүргізілетін күнгі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бағамы бойынша АҚШ долларымен жүргізіледі.

Осы жариялымның ешбір ережесі ұсыныс немесе кеңес беру ретінде қарастырылмауы тиіс. Банк акционері қандай да бір шешім қабылдамас немесе қандай да бір әрекетті жүзеге асырмас бұрын өзінің заңи, салық немесе қаржы кеңесшісінен кеңес алуы шарт.

Осы жариялым және осы жариялымға сәйкес жасалған кез келген құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және талқыланады. Осы жариялымнан және (немесе) оған байланысты туындайтын кез келген мүмкін даулар немесе түсінбеушіліктер Қазақстан Республикасының сотында қаралады.

Егер осы жариялымға байланысты сұрақтар туындаса немесе қосымша ақпарат немесе жариялымда көрсетілген құжаттарды алу керек болса, Корпоративтік хатшы Ольга Питуловаға: +7 (727) 266-72-54, +7 (727) 26-72-69 телефон нөмірлері бойынша; sdugashev@bta.kz, opitulova@bta.kz немесе сәйкесінше, post@bta.kz эл. пошта арқылы хабарласуға болады. ҒДҚ мәселелері бойынша Ольга Питуловаға: +7 (727) 266-72-54, +7 (727) 26-72-69 телефон нөмірлері бойынша; sdugashev@bta.kz, opitulova@bta.kz эл. пошта арқылы хабарласуға болады.