Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Ақтау қаласындағы БТА Банкі бөлімшесі Казком бөлімшесіне қосылады

02.02.2015 16:56:38

Құрметті Маңғыстау филиалының клиенттері!

БТА мен Казкоммерцбанктің бірігу шаралары аясында БТА-ның Маңғыстау филиалының 28А ықшам ауданы, «РИД-СК» ЖШС ғимаратында орналасқан №1 бөлімшесі 2015 жылғы 2 ақпаннан бастап Казкоммерцбанктің 28А ықшам ауданы «Ақсұңқар» мейрамханасы ғимаратында орналасқан №14/8 бөлімшесіне қосылады.

Қосылғаннан кейін ортақ бөлімше екі банктің - БТА мен Казком клиенттері - жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді, онда есептік-кассалық қызмет көрсету, депозиттерді ресімдеу және жеке тұлғаларға жедел кредиттер беру, банктік карточкаларды шығару/қайта шығару қызметтері ұсынылады.

№ 14/8 бөлімшесінің телефоны: 8 (7292) 30-07-00,ішкі 410.

Сонымен қатар клиенттер БТА Банкінің Ақтау қаласындағы басқа бөлімшелерінің қызметтерін таңдай алады:

  • Орталық офиске қарасты бөлімше
    Мекенжайы: 14 ықшам ауданы, 63--ғимарат
    Тел: 8 (7292) 30-07-00
  • «Магаш» бөлімшесі
    Мекенжайы: 31 ықшам ауданы, «Сары базар»
    Тел: 8 (7292) 40-25-32