Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Казкоммерцбанктің технологиялық платформасымен БТА Банкінің оңтүстік филиалдарын біріктіру сәтті аяқталды

13.02.2015 14:53:21

Алматы, 2015 жылғы 10 ақпан - Бүгін Казкоммерцбанк пен БТА Банкі Казкоммерцбанктің технологиялық платформасымен БТА Банкінің Оңтүстік Қазақстан филиалының бағдарламалық-аппараттық кешенін біріктіру сәтті аяқталғандығын хабарлады.

Бұл филиал екі қаржы институтының жоспарлы бірігуі аясында Казкоммерцбанктің бағдарламалық қамсыздандыруына өткен БТА Банкінің үшінші аймақтық бөлімшесі болып табылады. Ертеректе мұндай шаралар БТА-ның Жамбыл және Қызылорда филиалдарында сәтті аяқталған болатын. Осылайша, Қазақстанның оңтүстік облыстарында жұмыс жасайтын қос банктің ,БТА мен Казком-ның филиалдары бір-бірімен толығымен біріктірілді.

Казкоммерцбанктің басқарма төрайымы Нина Жүсіпова бірігудің аралық қорытындыларын былай деп түсіндірді:

«БТА мен Казкомның бірігу процесін бақылап отырғандардың барлығында - неге қос банктің біріктірілуі бүкіл елде бір уақытта жүргізілудің орнына, бір-бір филиалдан біртіндеп жүріп жатыр - деген сұрақ туындауы мүмкін. Тағы да атап өтейік, біздің ең басты мақсатымыз өз клиенттерімізге барынша қолайлылық жасау және банктердің өз қызметтерін үздіксіз атқаруы болып табылады. Сондықтан, ірі банктердің технологиялық тұрғыдан біріктіруіне қатысты халықаралық тәжірибелерді зерттеп, біз, күрделі әрі бір уақытта клиенттер үшін қолайлы нұсқаны таңдадық».

Мағжан Әуезов, БТА Банкінің басқарма төрағасы:

«Біздің мамандар тобы жинақталған бірігу тәжірибесін, аймақтық ерекшелікті және клиенттердің мүдделерін ескеріп, әрбір филиалда бірігу шараларын мұқият жоспарлауда. Осындай ауқымды дайындық жұмыстарының нәтижесі Казкомның банктік бағдарламасына клиенттердің жылдам әрі байқалмай ауысуы болып табылады, бұл қос банктің соңғы бірігуі үшін сенімді негізін қалауға мүмкіндік береді, әрине оны 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында аяқтауды жоспарлап отырмыз».

Бұрын хабарланғандай, Казком мен БТА-ның ағымдағы операциялық қызметі олардың бірігу процесінің қиындығына қарамастан, қалыпты тәртіпте жүргізілуде, клиенттерге бұрынғыдай банктік қызметтердің барлық түрі - кредиттік, депозиттік, аударым операциялары, есептік-кассалық қызмет көрсету және басқа банктік сервистер қолжетімді. Ұсынылатын қызметтердің сапасы мен қызмет көрсетудің жылдамдығы бұрынғы деңгейде.

БТА мен Казкоммерцбанктің кезеңдік техникалық бірігуіне қарамастан, БТА Банкінің клиенттік сервисінде ештеңе өзгермейді - БТА клиенттеріне бұрынғыдай сол бөлімшелерде қызмет көрсетіледі. Филиалдық қызмет көрсету желілерін біріктіру жоспары 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында жүргізіледі, бұл ретте БТА Банкінің клиенттеріне ертеректе жасалған шарттарды қайта ресімдеудің , сондай-ақ шоттарды және басқа банктік деректемелерді өзгертудің қажеті жоқ.

Байланыс үшін:

Лариса Коковинец, Казкоммерцбанктің бұқарамен байланыс Департаменті
тел.: +7 (727) 2 585-456, 2 585-392, E-mail: pr@kkb.kz

Илья Боровой,  БТА Банкінің коммуникация қызметі
тел: +7 (727) 266 43 22 (вн. 4322), E-mail: iborovoy@bta.kz

Әлия Нұрсипатова, Казкоммерцбанктің инвесторлармен байланыс бөлімі
тел.:+7 (727) 2 585-125, E-mail: investor_relations@kkb.kz